- Басты
- Жаңалықтар
- Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және заң жобасы: мақсаттары мен ерекшеліктері» туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ахметов Рустам Нұрланұлы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Стратегиялық талдау департаментінің директоры Искаков Арсен Бейсембайұлы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Стратегиялық талдау департаменті Стратегиялық талдау басқармасының басшысы Ахмет Сұлтан Талғатұлы баяндады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ұлттық жобаның бағыттары
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметовтің айтуынша, Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясатының басымдығы – бизнесті шектеу емес, мемлекеттің рөлін айқындау. Ал негізгі бағыттары – биржалық сауданы, электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікті дамыту және мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту.
«Монополиялық ресурстық нарықтарда биржалық сауданы енгізу баға белгілеудің буындарын қысқартуға, ойыншылардың санын, осы нарықтарда бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Электр энергетикасы нарығында бәсекелестікті дамытуға сауда-саттық көлемі мен энергияны тәуелсіз жеткізушілер санын ұлғайту жолымен қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.
Ахметов айтқан жоспар мемлекеттің бизнес қауымдастықтың қызметіне араласуды жекешелендіру, бәсекелестік емес сатып алу мен тауар нарықтарындағы айрықша құқықтары бар операторлардың көлемін қысқарту арқылы жүзеге асырылады.
Бәсекелестік туралы Заң қарастыратын бағыттар
Бәсекелестік жөніндегі заң осы бағыттағы жұмыстарды реттейді. Оған мыналар жатады:
- шектеулі ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
-бір көзден сатып алуды қысқарту;
-мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін, цифрлық экономиканы реттеу.
Заң жобасы сондай-ақ базалық тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуды реттейді. Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба кәсіпкерлер санын арттыруға және тең жағдайлар жасауға бағытталған.
«Ұлттық жоба да, Бәсекелестік туралы заң жобасы да монополияға қарсы реттеудің жаңа кезеңін айқындайды. Соның нәтижесінде бизнес өкілдерін тексерулер азаяды, ден қою пост фактумы азаяды. Тауар нарықтарын талдау, бәсекелестікті дамыту бойынша сапалы жүйелі шешімдер саны артады», - деп сендірді ол.
«Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» Жарлық
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығымен құрылды және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады.
2020 жылғы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы» № 484 Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлық бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны іске асыру қағидаттарын айқындауды, сондай-ақ Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, мемлекеттік органдарға елде бәсекеге қабілетті ахуалды одан әрі қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырмаларды көздейді.
Жарлықта «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» әзірлеу жөніндегі тапсырма да көзделген, оның шеңберінде бәсекелестік іс-әрекеттер елдің барлық мемлекеттік аппараты мен нарық субъектілері үшін норма болуға тиіс.
"Ұлттық жоба тұтынушылардың әл-ауқатын, нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, «негізгі қуаттар» қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған", - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Стратегиялық талдау департаментінің директоры Арсен Искаков.
Ұлттық жобаны іске асыруды және тиісінше бәсекелестікті дамыту жөніндегі міндеттерді шешуді жобалау тетігі арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жобадан күтілетін нәтижелер
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба биржалық сауданы, электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікті дамытуды және мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуды көздейді. Биржалық сауда шағын компанияларға бензинді, авиакеросинді, дизель отынын, битумды делдалсыз сатып алуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай биржада мұнай өнімдерімен сауда-саттық көлемі 20%-ды құрайды.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобадан күтілетін нәтижелер:
- 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін азайту;
- орта кәсіпкерліктің үлесін 15%-ға дейін ұлғайту;
- шағын және орта бизнес үшін 2 триллион 600 миллиард теңге көлемінде тауар нарықтарына қол жеткізуді ұлғайту.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады

