• Басты
  • Б.Сапарбаев тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және өнеркәсіптік нысандарды аралады
18 Ақпан, 2020 09:44

Б.Сапарбаев тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және өнеркәсіптік нысандарды аралады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және өнеркәсіптік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметі.

Б.Сапарбаев тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және өнеркәсіптік нысандарды аралады

"Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС" АҚ 1967 жылдан бастап өз жұмысын үздіксіз атқарып келеді. Алайда,  соңғы уақытта кәсіпорын жүктемесі 30 пайызға дейін төмендеп кеткен. Кәсіпорын жұмысымен танысқан облыс басшысы ондағы шұғыл   шешілуі қажет басты мәселелерді атап өтті. Ол бойынша тиісті салалық басқармаға тұрғындар үшін тарифті төмендету мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында баға белгілеу шараларына мониторинг жүргізуді тапсырды. Ондағы түпкі мақсат – бәсекелестік ортадағы бағаны қалыптастыру, тұтынушылар санын арттыру және кәсіпорынды кезең-кезеңімен толық қуатқа шығару.

Талдау жүргізіліп, қажетті ұсыныстар әзірленгеннен кейін қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында өңір басшысы   энергетика министрлігінің және KEGOC өкілдерінің қатысуымен жиын өткізуді жоспарлауда. Бердібек Сапарбаев бұл орайда энергетикалық кәсіпорынның акционерлері де өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті.

IMG-20200217-WA0037.jpg

Келесі кезекте "Жамбыл су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ат басын бұрған облыс әкімі сумен қамту  мекемесінің және ондағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

98,5 мың абонентке қызмет көрсететін кәсіпорынның құрылымы қызмет көрсетуге негізделген. Тұтынушылардың  басым бөлігі жеке тұлғалар. Айта кетейік, аталған кәсіпорынның су мен кәріз жүйелерінің тозуы, дебиторлық берешек, су есептеу құралдарын орнату, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп кәсіпорынды жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру – басты мәселеге айналып отыр.

"Таразэнергоцентр" АҚ облыс орталығы тұтынушыларының 80 пайызын қамтамасыз ете отырып, жылу және электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысады.  Ол үшін   газ және мазут отындары пайдаланылады.   Бұл кәсіпорынның да негізгі желілері тозған десек, келесі жылы ондағы қуат өндіруші  мен қосалқы құрылғыларды қайта жаңарту шаралары жоспарлануда. Ол жұмыстардың жалпы құны 160 миллион АҚШ долларынан асады деп күтілуде. Қазіргі таңда  жобаның техникалық-экономкалық негіздемесі дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен. Айта кетейік, аталған жобаны іске асқанда Тараз қаласының тұрғындарын жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.

IMG-20200217-WA0036.jpg

Сонымен қатар, облыс әкімі "Қазфосфат" ЖШС-нің Минералды тыңайтқыштар зауыты мен Жаңа Жамбыл фосфор зауытын аралады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша   Минералды тыңайтқыштар зауыты 45,7 миллиард теңгенің өнімін (аммофос, күкірт қышқылы, трикальцийфосфат),  ал фосфор зауыты 98,9 миллиард теңгенің өнімін (сары фосфор, натрий трифолифосфат, ортофосфор) өндірген. Өңір басшысы технологияның құрылымымен, басым бөлігі экспортталатын дайын өнімнің үлгілерімен танысты. Мұнда өндіріс қалдықтарын жинауға және кейіннен кәдеге жаратуға арналған алаңдардың жетіспеушілік мәселесі туындап отыр.

Химия өнеркәсібінің алыбы бүгінде өз жұмысын 2019 – 2025 жылдарға арналған даму стратегиясына  сәйкес атқаруда десек,  осы тұрғыда 114,3 миллиард теңге мөлшерінде инвестиция тарту көзделген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды