• Басты
  • Б.Сапарбаев: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткен сияқты
27 Қаңтар, 2020 12:54

Б.Сапарбаев: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткен сияқты

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген отырысында  ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткені байқалатынын айтты, деп хабарлады Strategy200.kz тілшісі.

Б.Сапарбаев: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткен сияқты

Бердібек Сапарбаев Ұлт көшбасшысы – Елбасы жариялаған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру қарқыны төмендеп кеткенін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанда ең негізгі мақсаттарының бірі – бұл өзіміздің халқымызға тән, әдет-ғұрыпымызды, мәдениетімізді, салтымызды дәріптеу арқылы халықтың бірлігін дамытуға үлкен көңіл бөлді. Бұл бағдарламаның қалай орындалғанын өздеріңіз күнделікті өмірден білесіздер. Шынын айту керек, үлкен жұмыстар жасалды. Бірақ, кейінгі кезде шындығын айту керек, осы бағдарламаның қарқыны төмендеп кеткен сияқты. Әсіресе, мынау басқа министрліктердің, өңірлердің, қоғамдық ұйымдардың осы бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуы», - деді Бердібек Сапарбаев.

Үкімет басшысының орынбасары бұл бағдарламаға жасына қарамай халықтың барлығы қатысуы керек екенін және сонда ғана өзінің мақсатын толығымен орындайтын жеткізді. 

Бұл орайда, Бердібек Сапарбаев «Туған жер» бағдарламасын айрықша атап өтті. 

«Жастарды, елден шыққанды азаматтарды өзінің Отанын сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімін әрі қарай арттыруда «Туған жер» бағдарламасының алар орны зор. Екі жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы «Ауылым- алтын бесігім» акциясын бастаған болатын. Қазір үкіметпен жалғасын табуда», - деп атап өтті. 

Б.Сапарбаев мемлекеттік органдардың баспасөз қызметін үйлестіру бойынша дұрыс бастама айтылғанын атап өтті.

«Тиімді жұмыс істейтін бааспасөз қызметтері де айтылды. Баспасөз қызметтері мемлекеттік органдардың  атқарып жатқан   жұмыстарын  халыққа жедел жеткізу керек. Мәселен, бір жерде өрт туындаған кезде әлеуметтік желіде барлығы талқыланып қойған кезде баспасөз қызметі үндемей отырады. Өртті қалай сөндірі қажеттігі туралы айтып отыруы мүмкін. Осы орайда бірқатар өзгертулер енгізу қажет деп ойлаймыз», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Жастар жылына қатысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Әрбір мемлекеттің, ұлттың болашағы  оның білімді, білікті, тәрбиелі  жастарына байланысты болады. Сондықтан, біз жастарды қолдауымыз керек. Ол былтырғы жылмен аяқталмайды. Президент Қ.Тоқаев биылғы жылды еріктілер жылы деп жариялады. Бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Жастарды дамыту бойынша жол картасы бекітілген болатын. Оған  300 млрд-қа жуық ақша бөлінген. Жақында Үкімет отырысында да жастардың жұмыспен қамтылуы туралы айтқан болатынбыз», - деді ол.

Оған қоса, Б.Сапарбаев діни ұйымдар, қоғамдық ұйымдар билікпен бірлесіп жұмыс істесе мемлекеттің дамуына оң әсерін беретінін айтты.

«Отандастарымыз бойынша айтатын болсақ, Қауымдастық өкілдерімен кездестік. Олардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдадық. Президент те бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі. Қазір Үкімет бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Жауапсыз, ескерусіз ешкім қалмайды», - деді Б.Сапарбаев.

 

Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды