• Басты
  • Б.Сапарбаев: Оқулықпен жұмыс істейтін адам оқулық шығаруға қатысу керек
19 Желтоқсан, 2019 18:09

Б.Сапарбаев: Оқулықпен жұмыс істейтін адам оқулық шығаруға қатысу керек

Маңғыстау өңіріне іс-сапармен келген Бердібек Сапарбаев медициналық сала мен білім саласының қызметкерлерімен кездесті.



 Б.Сапарбаев: Оқулықпен жұмыс істейтін адам оқулық шығаруға қатысу керек

Бердібек Машбекұлы жуырда ғана Фариза Оңғарсынованың есімі берілген 29-мектепте бір топ ұстаздармен жүздесіп, саладағы жаңалықтармен бөлісті. Қазіргі таңда білім саласына көңіл толмайтынын айтып, жуырда ғана халықаралық агенттік тарапынан жасалған сауалнама қортындысын айтып берді.

«БАҚ беттерінде жарияланды. Халықаралық агенттік талдау жасаған екен: Қазақстан соңынан санағанда 2-ші орында. Соңғы Грузия тұр. Егер біздің балларымыз Америка, Еуропа сияқты алпауыттардан қалмай білім алғанын қаласақ, білім сапасын арттыру керек. Мәселен, күнделікке байланысты. Интернеттің жылдамдығы нашар ма, қолмен толтыру керек. Оқулық мәселесі де айтылған болар. Министрлікте біраз шаруа бар деп. Оқулықпен жұмыс істейтін адам оқулық шығаруға қатысу керек. Аудару жұмыстарына да»,-деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, медицина саласының қызметкерлерімен кездескен Бердібек Машбекұлы өңірде кадрлармен қамтамасыз ету маңызды болып тұрғанын айтты. «Қазіргі таңда 200-ге жуық маман жетіспейді. Жетіспей тұрған мамандарға қаржы беріп, үй беріп, өңірге тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық елді-мекендерде медициналық нысан салу керек. Аудан орталықтарында мрт құрылғылары болу қажет»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар
147.92.153.19, 192.168.88.100