• Басты
  • Б.Сапарбаев: Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіліп жатыр
24 Қазан, 2019 17:59

Б.Сапарбаев: Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіліп жатыр

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінен құралған жұмысшы топ Шымкентке сапар жасады. Топ құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин бар.

Б.Сапарбаев: Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіліп жатыр

Сапардың негізгі мақсаты - ҚР Президентінің Халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру. Үкімет мүшелері жұмыс сапарын қаладағы №65 мектепке барып, мұғалімдермен кездесуден бастады. Кездесу барысында тараптар ұстаздардың мәртебесі, білім саласының сапасы, материалдық-техникалық базалардың жаңаруы және басқа да өзекті мәселелер жайында сөз қозғады.

Өз сөзінде Бердібек Мәшбекұлы мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіліп жатқандығын жеткізді.

"Біз білімді ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Елбасымыз және Мемлекет басшысы бұл мәселені ерекше назарда ұстауда. Бүгін де "Мұғалімнің мәртебесі" жөніндегі заң жобасы Парламентте қаралуда. Мұғалімдердің құқықтары қорғалатын болады" деді вице-премьер. 

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев өскелең ұрпақтың руханиятына да аса көңіл бөлу қажеттігін айтты. "Жастардың қолы бос болмауы керек. Олар спортпен, өнермен айналысуы тиіс. Өнегелі ұрпақ дегеніміз міне, осы" деп сөзін қорытындылады ол. 

Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылар ақпараттық технологияда жеткен жетістіктерімен таныстырды.

Бұдан бөлек, вице-премьер Шымкент қалалық әкімдігінде әлеуметтік-еңбек саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жиналыс өткізді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды