• Басты
  • Б.Сапарбаев: Әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінді
1 Қараша, 2019 19:49

Б.Сапарбаев: Әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінді

Еліміздің астанасында "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" республикалық көрмесі өтті. Үздік әлеуметтік жобаларды марапаттау салтанатына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттаады. Сондай-ақ биыл әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Б.Сапарбаев: Әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінді

"Мемлекетіміздің саясатын халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмысын жақсарту. Әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін мемлекет 5 миллионға жуық қазақстандықтарды өз қамқорлығына алмақшы. Биыл әлеуметтік салаға 3 трлн 400 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазір әсіресе мүмкіндігі шектеулі азамттарға жағдай жасалып жатыр. Келер жылдан бастап әлеуметтік порталды іске қосамыз. Соның аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті құрал-жабдықтарды мемлекет сатып алып, қажетіне сол кісілерге таңдап алуға көмек береді", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары өз сөзінде келесі жылы еліміздің үш қаласында оңалту орталықтары салынатынын айтып өтті.

IMG_4402-01.jpeg

"Мемлекет басшысының тарсырмасына сәйкес қазақстандықтардың әлеуметтік картасын дайындадық. Соның аясында көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсететін боламыз. Ендігі жылдан бастап оңалту орталықтарын үш қалаға саламыз. Келешекте облыс, аудан орталықтарына салуды жоспарлап отырмыз. Маған бүкіл Қазақстан бойынша 220-дан астам жоба ұсынылды деп айтты. Олардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалту орталықтарын ашу, білім беру, оларға мамандық беру, кәсібін ашуға көмектесуді қамтиды. Мемлекет басшысы елордада ашылған "Жанұя" аналарды қорғау орталығында болды. Ол да осындай орталықтарды барлық өңірде ашу керектігін атап өтті. Бұған дейін Алматыда ашылды", - деді ол. 

Сондай-ақ марапаттау рәсіміне қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін таныстырылымы өткен үздік жобалардың авторларына осындай игі істерді қолға алып, жүзеге асырғандары үшін алғыс айтты. 

"Осыдан он жыл бұрын әлеуметтік қызметкерлер туралы заң қабылданды. Сол заң аясында мүмкіндігі шектеулі,  өмірлік қиын жағдайға ұшыраған жандарға арнайы әлеуметті ккөмек көрсету жүйесі қалыптасты. Елімізде 700-ден астам мекеме-ұйымдарымыз 120 мың адамға қызмет көрсетіп келеді. Аталған заң үкіметтік емес ұйымдардың осындай шараға атсалысуына мүмкіндік беріп,  қазір 177 үкіметтік емес ұйым осындай жақсы тірлікпен айналысып отыр. Сондай-ақ, залда отырған көптеген азаматтар өз қаражаты есебінен әртүрлі орталықтар, мекмелер ашып отыр. Мұның өзі сауапты іс", - деді министр. 

Бұдан бөлек шара барысында үздік әлеуметтік жобалардың авторлары марапатталды. Бірінші орынды "Ат үстінде оңалту жобасының" жетекшісі әрі авторы Қуаныш Нұрмұхамбет иеленді. 

photo5325867732211706632.jpg

"Мен Алматы облысынан келіп отырмын.Менің жобам "Ат үстінде оңалту" деп аталады. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың дене белсенділігін дамытуға арналған. Екі жылда 80-ге жуық адам атқа міну арқылы ақысыз оңалту қызметтерін алды. Нәтижесінде денесінде қандай да бір ақауы бар балалардағы вестибулярлы және тірек-қимыл аппараты мен бұлшықет топтарының функциялары жақсарды. Сондай-ақ, вегетативті жүйке жүйесіне оң әсерін тигізді", - деді  үздік әлеуметтік жобалары конкурсының жеңімпазы Қуаныш Нұрмахамбет.

Ал екінші орын "Мүмкіндігі шектеулі қыздарға арналған жеке өмір мектебінің" жетекшісі Ләззат Қалтаева мен "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубы жобасының авторы Раиса Сыпабековаға бұйырды. Сондай-ақ СҚО-ның тұрғыны Сәлімхан Сәбитовтың "Тең жол" және Қостанай облысының азаматшасы Айсұлу Жұмабаеваның "Өнер терапиясы" жобалары үшінші орынды иеленді. 

IMG_4399.JPG

"2018 жылы "Тең жол" жобасын қолға алдым. Қазіргі таңда 14 адам жүргізуші куәлігіне ие болды. Солтүстік Қазақстанда 1800-ге жуық мүгедек,  оның 800-ге жуығының тірек қимыл жүйесінде ақау бар. Енді олардың барлығының көлік жүргізуге мүмкіндігі бар. Автомектептің 2 үйренушісі автобиль сатып алып,  сенімді түрде машина айдап жүр қазір. Басқа аймақтардан автомектеп ашамын дейтіндерге франшизамды сыйлық ретінде беремін. Автомектепті болашақта еліміздің ірі қалаларында, атап айтсам, Алматы, Шымкент, Ақтауда ашу жоспарымда бар",- деді аталмыш конкурстың екінші орын иегері Сәлімхан Сәбитов.

Айта кетейік, биыл аталған көрме осымен 7-ші рет өткізіліп отыр. Комиссия  аймақтардан келіп түскен 57 әлеуметтік жобаның ішінен республикалық деңгейдегі үздіктерді анықтады. Байқаудың баста мақсаты – қоғамды азаматтық белсенділікке шақырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығармашылық әлеуетін арттырып, оларға тең мүмкіндіктер қарастыру.

Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды