• Басты
  • Б. Сапарбаев: Біз қасиетті Әулиеата жерінің бай тарихын құрмет тұтуымыз керек
21 Мамыр, 2020 12:05

Б. Сапарбаев: Біз қасиетті Әулиеата жерінің бай тарихын құрмет тұтуымыз керек

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешенінде болды, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Б. Сапарбаев: Біз қасиетті Әулиеата жерінің бай тарихын құрмет тұтуымыз  керек

"Көне Тараз" кешенінде Бердібек Сапарбаев "Қоғамдық келісім" КММ Достық үйінің жұмысымен танысты. Достық үйі облыс орталығының көрікті орындарының бірі болып табылады. Ерекше ғимарат Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған. Бүгінде мұнда этномәдени бірлестік орталықтары, медиация кабинеттері, оқушыларға арналған шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.

Ғимараттың фойесінде әртүрлі көрмелер жиі өтіп тұрады десек, ал мәжіліс залында іс-шаралар ұйымдастыру дағдыға айналған. Дегенмен нысандағы барлық кабинеттер толығымен пайдаланылып отыр дей алмаймыз.

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаеваның жаңбыр жауғанда шатырдың кей бөліктерінен су ағатынын жеткізді. Жылу жүйесінің де жұмысы ойдағыдай емес екен. Сондай-ақ, ғимараттың қасбеті жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев Достық үйінің жанында орналасқан шолу мұнарасының алаңдатарлық жағдайына назар аударды. Осы орайда тиісті орындарға барлық мәселелерді зерттеп, оларды шешу үшін егжей-тегжейлі жоспарын ұсынуды тапсырды.

Одан кейін аймақ басшысы ашық аспан астындағы археологиялық саябақ-мұражайда болды. Музейде құнды археологиялық жәдігерлер сақтаулы және онда көне Тараз қаласының хамам-монша, медресе, керуен сарай, магистральды көше, суару және су құбыры жүйесі, тұрғын және қолөнер аумағы сынды орындарын тамашалуға болады. Бұл жерге туристер үлкен қызығушылық танытуда.

Десе де кешенді одан әрі тартымды ету үшін нысанға су өтуден сақтайтын қауіпсіздік және жарықтандыру жүйелерін орнатуды қажет етеді. Әкімшілік ғимаратында, сыз және қараңғы жертөледе шамамен мыңжылдық тарихы бар құнды жәдігерлер сақталып тұр.

Бердібек Сапарбаев археологиялық саябақ-мұражай мен оның әкімшілік корпусын жөнге келтіруді тапсырды. 

“Тараз қойнауында екімыңжылдық тарих жасырулы жатыр. Біздің міндет – осы мұраны келер ұрпаққа жеткізу. Біз киелі әулиеата жерінің бай тарихын ұмытпай, оған құрметпен қарау керекпіз”, – деді Бердібек Сапарбаев.

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені ерекше архитектуралық сәулеттік ғимараттарымен танымал. Алайда келушілер ондағы күтімнің жоқтығынан бұл кереметті тамсанып қызықтай алмауда. 

Бердібек Сапарбаев осы олқылықтарды жойып, кешен аумағын тазалап, гүл отырғызып, көгалдандыруды тапсырды. 

«Қаратау» шағын ауданы аумағын аралау кезінде өңір басшысы мұнда да көгалдандыру, тазалық шараларын кешенді түрде қолға алып отыруды тапсырды. Қазір мұнда балаларға арналған футбол және ойын алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

“Алаңшаның маңайын тазартып, көгал мен ағаш көшеттерін отырғызып балалардың асыр салып ойнауына бар жағдайды жасау керек. Пәтер иелері кооперативтерінің басшылары аулалардың тазалығы мен тәртібіне немқұрайды қарамауы тиіс”, – деп тапсырды Б.Сапарбаев.

Белгілі болғанындай үйлердің бәрі пәтер иелерінің кооперативіне кірмеген екен. Бұл мәселенің де шұғыл түрде шешілу керектігі жүктелді.

Бұл шағынауданның жанынан жабайы сауда орындары қанат жайып кеткен. Тұрғындар облыс әкімін көрген бетте мұндағы контейнерлердің қала сулетінің сәнін кетіріп тұрғанын айтып шағымданды. Бердібек Сапарбаев қала басшылығы олардың заңдылығын қарап шығатынын жеткізді. 

Өткен жылдың тамыз айында құрылысы басталған «ARAI-ELITE» жекеменшік элиталық мектеп-гимназиясы тегін білім беретін облыстағы алғашқы жекеменшік білім ордасы болмақ. Бас мердігер «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері нысанды жаңа оқу жылы басталғанша пайдалануға беретінін уәде етіп отыр. 

Төртқабатты ғимарат 1025 оқушыға шақталған. 41 оқу кабинеті, компьютер сыныбы, химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ балаларға арнап футбол және баскетбол алаңдары мен ойын алаңшалары салынбақ. 

«ARAI» медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің реконструкциялық жұмыстарымен де «Арайстроймаркет-2003» компаниясы айналысуда. 1972 жыллы салынған ғимарат көптен бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп келеді. Медициналық орталықта стационарлық, стационарға жатқызу, амбулаторлық-емханалық көмек шаралары көрсетілуде. Мұнда жалпы хирургия және жалпы терапия бөлімдері жұмыс істейді. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша медициналық орталықтың бір бөлігі бұрынғы қалпында жұмыс істеп, дәрігерлер әлі де науқастарды қабылдауда. Коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты дезинфекциялық дәліз ұйымдастырылған.

Облыс әкімі сапалы құрылыс материалдарын қолданып, нысанды мерзімінде пайдалануға беруді міндеттеді. Жалпы Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды