• Басты
  • Б.Сапарбаев базарлардағы санитарлық талаптардың қатаң сақталуын талап етті
1 Маусым, 2020 09:32

Б.Сапарбаев базарлардағы санитарлық талаптардың қатаң сақталуын талап етті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы бірқатар сауда орындарының жұмысымен танысты. Ол "Ауыл Береке" базарындағы санитарлық талаптардың  қатаң сақталуын талап етті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Б.Сапарбаев базарлардағы санитарлық талаптардың  қатаң сақталуын талап етті

Аймақ басшысы барған алғашқы нысан қаланың шығыс шетінде орналасқан «Ауыл Береке» базары болды. Онда облыс әкімі азық-түлік тауарларының ассортиментімен, сапасы және бағасымен танысып, сатушылар мен тұтынушыларды әнгімеге тартты. Бүгінгі таңда базардың жеміс-көкөністердің, құрылыс материалдары мен ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме сауда секторы жұмыс істеуде. Карантинге байланысты азық-түлік емес тауарлар сауда бөліктері жабылған.

Базар аумағын шолып шыққан аймақ басшысы  бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

"Бұған дейін мен базар аумағын ретке келтіруді, сауда орындарын жақсартуды, ыңғайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударуды тапсырған болатынмын. Алайда, бұл нұсқаулар толығымен орындалмаған. Жайлы сауда павильондары жоқ. Кейбір сатушылар жерде сауда жасап отыр. Көлік құралдарының базардағы ретсіз қозғалысы өрт қаупін тудырады", - деді ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақталуы да ойдағыдай емес. Сатушылар да, сатып алушылар да бетперде кимейді, адамдар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмайтынын көріп отырмыз.

"Нарық қызметкерлері азық-түлік емес сектордағы жұмысты қайта бастауды сұрауда. Алайда, базар әкімшілігі қажетті санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ете алмай отыр. Тиісті шаралар қабылдаңыздар, содан кейін ғана базардың толық ашу туралы айтуға болады. Пандемия кезінде біздің азаматтарымыздың денсаулығына қатысты қауіпсіздік шараларын елемеуге жол берілмейді", - деді Бердібек Сапарбаев базар басшылығына.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Орталық» және «Атакент» базарларын ат басын бұрып, облыс орталығындағы демалыс саябақтарының аумағын аралап көрді.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің жұмысымен, әкімшілік ғимаратының жай-күйімен танысты. Департамент басшылығымен ведомствоның өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды