• Басты
  • Б. Сапарбаев “Арай" тұрғын үй алқабындағы сапасыз жолдарды жөндеуді тапсырды
25 Мамыр, 2020 12:05

Б. Сапарбаев “Арай" тұрғын үй алқабындағы сапасыз жолдарды жөндеуді тапсырды

Жуырда Тараз қаласының "Арай" тұрғын үй алқабының тұрғындары өткен жылы төселген асфальттың сапасына қатысты шағымданған болатын. Жексенбі, 24 мамыр күні өңір басшысы аталған аумақа арнайы барып, мердігердің сапасыз жұмыстарына көз жеткізді,деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Б. Сапарбаев “Арай" тұрғын үй алқабындағы сапасыз жолдарды жөндеуді тапсырды

Былтыр аталған тұрғын үй алқабында бірнеше көше асфальтталған болатын. Бірақ биыл жеті көшедегі жол жабыны желініп, жарыла бастаған. Облыс әкімімен кездескен аудан тұрғындары кейбір кәріз люктердің асфальт астында қалғанына да наразылық танытты.

Өңір басшысы шағымдарды мұқият тыңдап, кеткен кемшіліктердің жақын арада түзетілетініне сендірді.

 «Қала тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының барысын мұқият қадағалап отырады. Егер олқылықтарды байқаса, оларды шешуге тырысып, әлеуметтік желілерге жариялайды. Бұл біздің қоғамдық бақылауымыз. Осылайша олар жұмыс сапасы мен мердігерлердің іс-әрекеттерін бақылауға көмектеседі. Сонымен бірге, техникалық қадағалау, ТКШ мамандары неғұрлым белсенді жұмыс істеп, жұмыс сапасын тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз етуі керек. Мердігерлер, өз кезегінде, кез-келген  кемшіліктердің өз есебінен түзетілетінін түсінулері тиіс», - деп ескертті Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қаладағы Қойгелді, Абай, Ниетқалиев, Комратова, Сыпатай батыр және басқа да көшелерге ат басын бұрды. Мұнда  алдынғы жылдары жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты жол төсемі бұзылған болатын. Алайда, жұмыстар аяқталғаннан кейін жол жабыны тиісті түрде қалпына келтірілмеген.

 «Жолдарды қалпына келтіру сапасы нашар. Мердігерді және техникалық қадағалаушыларды шақырып, барлық олқылықтарды жою үшін қажетті шаралар қолдану керек. Мұндай деңгейдегі жұмыстарды қабылдау мүмкін емес», - деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев «за линией» деп аталатын аймақтағы жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысымен  де танысты.

Жалпы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында облыс орталығында жол құрылысы бойынша 100 жоба жүзеге асырылуда. Ол бойынша қаланың 130 көшесі қамтылады десек, 88 шақырым автожолдар мен тротуарлар салынып, жөнделеді. Бұл жұмыстарға барлығы 3,3 миллиард теңге бөлінген.

Айта кету керек, жұмыстың басым бөлігі бұған дейін асфальт төселмеген көшелерде орындалмақ. Биыл жөндеумен қамтылмаған көптеген көшелерде қиыршық тас төселуі жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 163 көпқабатты тұрғын үйдің  ауласы абаттандырылады. Аулалардың көпшілігінде жұмыс қазірдің өзінде басталып үлгерген. Мердігерлер асфальт төсеп, пайдалануға жарамсыз суару науаларын ауыстырып, шағын сәулеттік формалар мен ойын алаңдарын орнатуда. Осы орайда аймақ басшысы 9 және 10-шағын аудандардағы тұрғын үйлердің аулаларындағы жұмыстар барысын барлады.

Бұдан бөлек, бұл күні Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының Гродеково және Жалпақтөбе ауылдарындағы бірқатар спорттық және әлеуметтік нысандар құрылысының жобаларымен танысты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды