• Басты
  • Б. Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады
17 Наурыз, 2020 17:13

Б. Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантиннің енгізілуіне байланысты республикалық арнадан тікелей эфирге шығып үндеу жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Б. Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады
«Төтенше жағдай режимі адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді.Алматы аумағында вирустық қауіп-қатерге қарсы алдын алу шаралары қаңтар айында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирус індетінің өршуі туралы алғаш хабарлаған сәттен басталды.2,5 айдың ішінде Алматы әуежайының мемлекеттік шекарасында шұғыл қорғаныс шаралары жүргізілді.Алматыда 11 коронавирус жағдайы тіркелді. Қалада карантин енгізуді енгіздім. Қалада карантин 19-наурызда түнгі 00-00-де енгізіледі. Карантин енгізудегі басты мақсат инфекцияның таралуын тоқтату. Қоғамдық орындарда эпидемиологиялық, санитарлық шараларды ұлғайтылады. Қалаға кіру мен шығу туралы барлық әлеуметтік желілер арқылы таратылатын болады», - деді ол.

Қала әкімі карантин әдетте қалыптасқан өмір сүру режиміне өзгерістер енгізетінін айтты.

«Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттерін орнату.  Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена  құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.Алғашқы қажеттілік заттары мен дәрі-дәрмектерге, азық-түлік тауарларының қалаға енгізілуіне қатысты жасыл дәліз орнатылады. Коронавирусқа қарсы қалалық штаб жедел шаралар қабылдайтын болады. Әрбіреуіміз үшін жауапты сәт туды. Бүгін әкімдіктерге еңбек ұжымдарының 70 пайызға дейін қашықтықтан жұмыс істеуін енгіздік. Әрбір азаматтың жеке ұстанымы мен төтенше жағдайды ұстануы аса маңызды», - деді ол.

Аягөз Құрмаш  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды