- Басты
- Б.Сұлтанов: Азық-түлік бағасын көтергендерге тиісті шаралар қолданылады
Б.Сұлтанов: Азық-түлік бағасын көтергендерге тиісті шаралар қолданылады
Азық-түлік бағасын көтергендерге тиісті шаралар қолданылады. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде Сауда және интеграция министір Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Оның сөзінше, елімізде азық-түлік қоры жеткілікті, әрі сауда орындары да жұмысын тоқтатпайды.
"Халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете аламыз. Қосымша қорымыз да бар. Қазақстанда азық-түлікпен қамтамасыз ету өте жоғары. Ұн, қант, макорон және басқа да тауарлардың бағаларын көтергісі келгендерге біз тиісті шаралар қабылдаймыз. Оған мүмкіндігіміз бен инструменттеріміз бар", - деді министр.
Сол себепті ол кәсіпкерлерді қазіргі уақытта азық-түлік бағасы өскен болса, оны міндетті түрде өткен аптаның басындағы бағамен бірдей етуге шақырды.
"Кәсіпкерлерге айтарым, бүгінгі күні бағаны негізсіз көтеру әрекеттері болса, дүкендердегі бағалар өткен аптаның басындағы бағаға оралуы керек. Егер бұл орындалмаса, барлық қолжетімді құралдар қолданылады. Соның ішінде, жоғарыда айтылғандай, үкіметке шекті баға белгілерін енгізу мүмкіндігі берілді. Әрине, бұл нарықтық, төтенше шаралар емес, бірақ бұл тиімді құрал. Біздің кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде бизнес тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ету қажет екенін түсінуі үшін. Біз кәсіпкерлерге халық бағаны көтеру арқылы пайда табуға жол бермейміз", - деді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қоса оның сөзінше, әкімдіктер бәсекелестікті қорғау органдарымен және тұтынушылар құқығын қорғау органдарымен бірлесіп бағаның өзгеруін үнемі қадағалап отырады және баға келісімін болдырмайды.
Сонымен бірге ол Қазақстандағы өнім өндіруші өндіріс орындарының да жұмысы жалғасатынын атап өтті.
"Қазіргі міндетіміз халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету. Елдегі өнім өндіретін кәсіпорындар жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және осындай қиын жағдай кезінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін үкіметке президенттің жарлығымен халықтың және экономикалық үздіксіз өмір сүруі үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу бойынша кең өкілеттіктер берілді. Біз шекті бағаларды белгілеу сияқты қатаң шара нарықтық экономикалық ережелеріне сәйкес келмейтінін түсініп отырмыз", - деді Бақыт Сұлтанов.
Бірақ оның сөзінше, бұл осындай қиын жағдайларда мәжбүр болған кезде ғана қолданылады.
Назерке Сүйіндік
-
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді
-
Сайлау науқаны алдындағы шаралар қорытындыланды
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары
-
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
СOVID-19: Әлем елдері карантин шараларын жеңілдете бастады
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал
-
COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды
-
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы
-
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
-
Су тасқынын алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынды
-
COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр
-
Қазақстанда мемлекеттік шекарадағы шектеу шаралары күшейтілмек
-
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді

