• Басты
  • БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы

БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы

14 Шілде, 2021 15:06

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Antikor Live» жобасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев облыс бойынша департаменттің негізі қызметімен таныстырды, деп хабарлайды, Strategy2050.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1500 іс-шара ұйымдастырылған

Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарының анықтау және жою бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ол өз сөзінде жемқорлыққа қарсы агенттік құрылғалы бері департамент пен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 80 мыңға жуық адамының қатысуымен 1500 іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді.

«Облыстың төрт жоғарғы оқу орындарында 34 колледжде және 381 адалдық сағаттары өткізілуде. Жыл басынан бері ақпараттын ағартушылық штабымен 325 тікелей эфир, «Antikor Live» жобасының аясында 455 тікелей эфир, «Адал көмек» жобасы аясында 533 тікелей эфир өтті», - деді ол.

Сонымен қатар, жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 787 материал жарық көрген. Жергілікті телеарналардан жүйелі түрде «Адалдық алаңы» телбағдарламасы шығады. Ол бағдарламаның тікелей эфирінде қоғамдағы өзекті мәселелер мемлекеттік орган қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің қатысумен талқыланады.

«Е-асхана» жобасы

Оның айтуынша, Ақжайық адалдық алаңы арнайы мониторинг мүшелерімен қоғамда арнайы қашықтықты азайту, мемлекет пен тұрғындар алдындағы ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, 2019 жылдан бастау алған «Е-асхана» жобасы Шыңғырлау ауданында өз жалғасын тапқан.

«Бастауыш сынып оқушыларымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тамақтандыруға бөлінетін бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына электронды бақылау болып табылады», - деп түсіндірді ол.
Сонымен бірге, жүргізіліп жатырған жемқорлыққа қарсы кешенді алдын алу шаралары Батыс Қазақстанда қалыптасқан ахуалды біршама өзгертуге және жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берген.

Мониторинг пен сыртқы талдау жүргізудің нәтижелері

Оның сөзінше, департамент іс жүзінде тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын мониторинг пен сыртқы талдау жүргізудің механизмдерін кеңінен қолданылуда.

Атап айтар болсақ, департаменттің 7 тақырыптық және 1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы монторинг жүргізу арқылы жергілікті атқарушы органдардың 95 ұсыныс жіберілген екен. Оның 65% орындалған. Мониторинг арқылы спорт, медицина, білім, жолаушылар тасымалы және басқа да салалар қамтылған.

«Есептік кезеңде 6 мемлекеттік органдардың оларға қарасты мекемелердің жемқорлық тәуекелдерін сыртқы тәуекел арқылы өткізіліп, оның қорытындылары бойынша 124 ұсыныс енгізіліп, оның 104 орындалды», - деді Рустам Ақмырзаев.
Оның мәлімдеуінше, Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Инватакси» қозғалысының бақылау жүйесінің жоқ екені анықталған. Енгізілген ұсыныстар нәтижесінде, барлық «Инватакси» қозғалысына GPS новигаторлары жабдықталған. Сонымен қатар, маршуттар бақылауға алынған. Осыған бюджеттен 4 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамына Батыс Қазақтан облысы бойынша филиал қызметіне сыртқы талдау барысында қор филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторинг сараптамалық жұмыс топтарын қалыптастыру бойынша тәртіптің болмағандығын анықталған.

«Мониторинг қорытындысы бойынша, бұзушылықтар мен ахуалдарды жою бойынша регламенттейтін нормативтік құқықтық нормалардың жоқ екендігі анықталды», - деді ол.
Бюджеттен 785,6 млн қаражат үнемделген

Сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдар нәтижесінде сараптама топтарын реттейтін монтиоринг жүргізу қағидаларына бекітілген.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, мемлекет қаражатын тиімді жұмсалу барысын тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы облыста ағымдағы жылдың 6 айында 785,6 млн бюджет қаражаты үнемделген.

«Оның ішінде 600 млн теңгеден астам қаражат мемлекетік сатып алу жоспарларындағы дизелді отын мен жанар-жағар май бағасын өзгерту, түзету арқылы үнемделді», - деді спикер.
Сонымен қатар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ағымдағы жылдың тамыз қыркүйек айларында Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы 30 млн теңге шамасында 1 тұрғын үйдің 5 миллион теңгесі үнемделген.
«Талдыапан аулдық округі мен Сарықұдық ауылында да 15 млн теңге шамасында 1 тұрғын үй сатып алу жобалары анықталып жоспарланған болатын. Алайда біз 7,5 миллион тұратын 2 тұрғын үй сатып алдық», - деді департамен басшысы.

Бұдан бөлек, елімізде орын алған пандемияға байланысты бюджет қаражатынан үнемді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен ұйымдардың мемлекеттік сатып алуларына монторинг әлі де жалғасуда.

Оның айтуынша, өткен жылы пандемиялық жағдайға байланысты әртүрлі бұқаралық және мәдени спорттық шаралардың өткізуден бас тартылып, мемлекет берген қаражат қайдадан бюджетке қайтарылған. Алдынғы жылы дәл осындай шараларды өткізуге көзделген бюджет қаражаты тиімді және ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету туралы ұсыныс хат жолданған.

Полиция департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық орын алған

«Облыста сыбайлас жемқорлық қылмыстары полицей департамент қызметкерлерінің арасында жиі орын алатыны жасырын емес. Соңғы 3 жылда полиция қызметкерлеріне қатысты 52 қылмыстық іс қоғалып, 25 тұлға сотталды», - деді ол.
Оның мәлімдеуінше, жол полиция тарапынан жемқорлық фактілері әшкереленгеннен кейін дереу бірқатар ұйымдастырушлық және алдын-алу шаралары қабылданған. Сонымен қатар, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалымен Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қызметіне сыбайлас жемқорлық қылмыстары фактілерін алдын алу, оларды болдырмау мәселелері бойынша жиын өткен.

Жиын нәтижесі бойынша өңірдің ішкі істер органдарының жемқорлықты алдын алу және жою жөнінде іс шаралар бойынша кешенді жоспарлар әзірленген.

Пара беру фактілері бойынша 16 іс тіркелген

Соның ішінде, патрульдік көлік құралдарын жағармаймен және автокөліктер автожуумен жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен байланысты жемқорлық жойлып, ақпараттық-насихат жұмыстары кеңінен жүргізілген.

Оның дерегінше өңірде 3 басшы атқарып отырған қызметінен босатылған. Аталған шаралар осы саладағы өзгертуге және жемқорлықты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бергенін айтып өтті.

«Патрульдік полиция инспекторлары Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті өзіндік басқармасы пара беру фактілері бойынша 16 іс тіркелді. Өткен жылы ұқсас фактілер тіркелмеген», - деді департамен басшысы.
Сонымен қатар ол департамент сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі жоюға негізделгенін алға тартып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, облыстағы мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып олардың барынша ашық айқын болуына, және қоғам алдында есеп беруге бағытталғанын жеткізді.

Оның мәліметінше, өңірдің 12 ауданында 14 ашық сервистік қызмет көрсету орталықтары ашылған. Сонымен қатар, 222 аулдық округтік ұйымдар мен мекемелерде өзін өзі басқару бұрыштары және 61 мемлекеттік мекемеге фронт кеңселер қызмет жасап жатыр. Батыс Қазақстан облысының 1042 мемлекеттік ұйымдары өз бюджеттерін орналастырған.

Барлық жаңалықтар