• Басты
  • БҚО-да қосымша уақытша шектеулер енгізілді
24 Маусым, 2020 10:12

БҚО-да қосымша уақытша шектеулер енгізілді

Батыс Қазақстан облысында қосымша уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.


БҚО-да қосымша уақытша шектеулер енгізілді

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыс аумағында 2020 жылдың демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін:

1) төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруын шектеу:
- жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлік);
- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;

- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;

2) 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылсын.

3) келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру:
- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, базарлар, сауда желілері, оның «үй жанындағы дүкендер» форматындағы филиалдарын қоспағанда;
- фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;
- саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және өзге де демалыс орындары;

- қоғамдық көлік жұмысы;
4) қоғамдық тамақтандыру нысандарынан тек 30-дан аспайтын отыратын орны бар (әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып), сондай-ақ шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

2020 жылғы 24 маусым сағат 00:00-ден бастап көліктің қозғалысын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу қойылды.

Барлық жаңалықтар