- Басты
- БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты

Батыс Қазақстан облысында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 1773 адам қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.
Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.
Батыс Қазақстан облысында микрокредитпен 1147 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 143 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 1004 адам алды (жастар, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).
Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 7 мың 187 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 917-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 1644-і жастар практикасына және 4626 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
Қазақстандықтар енді Мемлекеттік Туды балкондарында іле алады

