• Басты
  • Б.Нұрымбетов: Жұмыссыз қалғандар мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алатын болады
16 Наурыз, 2020 18:35

Б.Нұрымбетов: Жұмыссыз қалғандар мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алатын болады

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай жариялағаны белгілі.  Осы жағдаймен байланысты елдегі біраз мекеме, кәсіпорын жұмысына шектеу қойып, кейбіреуінің жқмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Осы орайда жұмысынан қысқартылып қалған жұмысшылар мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Б.Нұрымбетов: Жұмыссыз қалғандар мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алатын болады
"Егер де жұмыс беруші жұмысшыны қысқартуға мәжбүр болса, ол туралы бір ай бұрын ескертуі тиіс. Қысқартылған жағдайда бір ай көлемінде компенсация төленуі тиіс. Біз жұмысшылар қысқартылуы мүмкін деген ұйымдар мен кәсіпорындарға мен мониторинг жүргізіп отырамыз. Айта кету керек, біз осы жылдан бастап мемлекеттік сақтандыру туралы заңға өзгерту енгізіп үлгердік.  Егер де жұмыстан босап қалған жағдайда себебіне қарамастан, мемлекеттің сақтандыру қорынан 6 ай бойы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар. Сіздің жоғалтқан жалақыңыздың 40 пайызын құрайтын болады", - деді министр.

 Оның сөзінше, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар 6 ай бойына әлеуметтік төлем төленбек.

"Жұмыстан шығып қалғандар жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда 6 ай бойына төлем ала алады. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына барып тіркелуі керек. Осындай жағдайларды ескере отырып бүгінгі күні үкімет тарыпанан жұмыспен қамту картасы әзірленіп жатыр. Осы арқылы елдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздеп отырмыз. Мұның аясында елдімекендерді абаттандыруға, инженерлік-көлік инфрақұрылымдарды жаңартуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары көзделеді. Бұның шарттары мен тетіктері ертең үкімет отырысында жариялаймыз", - деді министр. 


Сонымен қоса министр ел президентінің барлық жұмыс берушіге балаларымен үйде отыруға мәжбүр жұмысшыларға ақылы демалыс беруге тапсырма бергенін еске салды. Баспасөз мәжілісінде оның қалай жүзеге асатынын түсіндірді. 

"Бізде еңбек кодексі бойынша жұмыс істеп жүрген кез-келген азамат жылына бір рет ақылы еңбек демалысына шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін әр мекемеде кесте жасалады. Кесте бойынша, не кестеден тыс берілуі мүмкін. Осы орайда баласына қарауға мәжбүр жұмысшыларға жылына берілетін еңбек демалысын беруді сұраймыз. Жұмысшының кемінде орташа жалақысы төленетін болады. Осы орайда жұмыс беруші жұмысшының ата-анасы, не басқа қомқоршысы осындай  демалысқа шықпағаны туралы және үйінде жұмыссыз жүрген азаматтар жоқтығы туралы анықтама талап етуге құқылы", - деді министр.
Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды