• Басты
  • Б.Нұрымбетов: Халықтың жұмыспен қамтылуы шілдеден бастап қалпына келеді
2 Маусым, 2020 09:52

Б.Нұрымбетов: Халықтың жұмыспен қамтылуы шілдеден бастап қалпына келеді

Халықтың жұмыспен қамтылуы 2020 жылдың шілдесінен бастап қалпына келуі мүмкін. Бұ туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде енгізілген карантиндік шараларға байланысты  халықтың жұмыспен қамтылуы 2020 жылдың шілдесінен бастап қалпына келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Б.Нұрымбетов: Халықтың жұмыспен қамтылуы шілдеден бастап қалпына келеді

Министрдің сөзіне сүйенсек, коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай салдарынан еңбек нарығындағы жағдай екінші тоқсанда күрделі болды. 

"Болжам бойынша, наурыз-сәуір айында табыссыз, жұмыссыз қалған азаматтар саны 4 млн-нан асты. Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінен карантиндік шараларды жеңілдетуіне байланысты бұл көрсеткіш 1 млн адамға деін төмендеді деп болжап отырмыз. Сонымен бірге бұл кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. Үкімет тарапынан халықтың жұмыспен қамтылуына басымдық беріле отырып қабылданып жатқан экономиканы қалпына келтіру шаралары ағымдағы жылғы шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануына қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді ол. 

Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, 2020 жылы 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ.

"Жыл соңында жұмыссыздық  көлемін 6,1% деңгейінде сақтап қалуымыз керек. Ағымдағы жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%-ды құрады. Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланып отыр, оған толығымен мүмкіндігіміз бар", - деді Б.Нұрымбетов.

Сонымен қоса министр халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті.

"Азаматтардың басым бөлігі – 600 мың адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, Жаңа жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша – 255 мың адам, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша, атап айтсам, Нұрлы жол, Нұрлы жер, ИИДМБ, БЖК 2020-2025 секілді жобалар арқылы 364 мың адам қамтылатын болады. ЖҚЖК және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында 196 мыңнан астам жұмыс орны құрылды", - Еңбек министрі.

Сонымен қатар Біржан Нұрымбетов ЖҚЖК аясында 5 313 жобаны жүзеге асыру басталғанын, оның аясында 103 мың жұмыс орны құрылғанын атап өтті.

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын қоспағанда, Жұмыспен қамтудың жол картасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Қазақстанда 196,4 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарына 90,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 47,3 мың адам, олардың 35%-ы – жастар", - деді министр.

Бұдан бөлек министрдің сөзіне сүйенсек, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын есепке алмағанда, басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде 93,4 мың жұмыс орны құрылғанын атап өтті. 

"Мәселен, Нұрлы жол – 41,3 мың, Цифрлық Қазақстан – 8,4 мың, Нұрлы жер – 7,2 мың, Өңірлерді дамыту – 5,6 мың орын, Туризмді дамыту – 4,4 мың, БЖК – 2025 – 9,5 мың, АӨК-ні дамыту – 8,6 мың, БҒДМБ – 2,1 мың, ИИДМБ – 2,2 мың, ДСДМБ – 4,1 мың жұмыс орны құрылды. Ал ЖҚЖК аясында Қазақстанда 6,5 мың жоба жүзеге асыру жоспарда тұр. 2020 жылы 255 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл ЖҚЖК қатысушыларының отбасы құрамына кіретін шамамен 1 млн адамды табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтудың жол картасы аралас салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға негіз болады. 615 жаңа нысан болашақта әлеуметтік активке айналады", - деп түйіндеді министр.

Бұдан бөлек Біржан Нұрымбетов  2020 жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

"Биыл "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге қарастырылған. Оның 71,5 млрд теңгесі микрокредиттер мен гранттарға, 32,6 млрд теңге оқытуға, 71,9 млрд теңге субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға және жұмыс күші бар аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшуге арналған субсидияларға бағытталады. "Жыл басынан бері 255 мың адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, оның ішінде 184 мың адам жұмысқа орналастырылды. Мұнда 99 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды", - деді министр. 

Сонымен қатар министр мемлекеттік бағдарлама аясында 8 мың АЕК-ке дейінгі жеңілдетілген кредиттер, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қайтарымсыз гранттар берілетіндігін жеткізді.

"Жыл басынан бері 6,1 мың адам бизнесті дамытуға микрокредит мен грант алды. Мемлекеттік бағдарламада жұмыссыздарға, әсіресе жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесу үшін кәсіптік білім берудің бірнеше түрі қарастырылған. Коронавирусқа байланысты шектеулерге байланысты оқу курстары енді басталуда. Жыл соңына дейін 100 мыңнан астам жұмыссыз жан жаңа кәсіптер мен дағдыларды үйренуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ жыл басынан бері 84 мың адам субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа тартылды", - деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен бірге ол еңбек етіп, жұмысқа орналасу қамтамасыз ету барысында оңтүстіктен солтүстік облыстарға 666 отбасы  қоныс аударғанын атап өтті.

"Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасы арқылы 97 мың адам жұмыс тапты, оның 46 мыңы – тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қоса айта кету керек, "Coursera" жаппай онлайн білім беру платформасымен 2020 жылдың соңына дейін 50 мың жұмыссыз қазақстандықты тегін оқыту туралы келісім жасадық. Азаматтар 298 курс бойынша білім ала алады. Жобаға қатысу үшін ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелу жеткілікті. Coursera.org сайтына тіркелген кезде enbek.kz сайтында немесе Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаның адресін қолданған жөн", - деді министр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды