- Басты
- Б.Нұрымбетов: Кәсіпорындар жұмысшы жалақысынан жинақтаушы қорға қаржы аудармай отыр
Б.Нұрымбетов: Кәсіпорындар жұмысшы жалақысынан жинақтаушы қорға қаржы аудармай отыр
Бүгінгі күні кәсіпорындар жұмысшы жалақысынан 10 пайыздық жарнаны ұстап, жинақтаушы қорға аудармай отыр. Бұл туралы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту, атаулы әлеуметтік көмектің берілуі жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз жолдауында зейнетке шықпаған азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру туралы бастама көтерген еді. Осыған байланысты жұмысшы тобы да құрылған. Біржан Нұрымбетовтың сөзіне сенсек, бірқатар пікірді ескере отырып, Ұлттық банк пен үкіметке тапсырма берілген.
"Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға беріледі деген мәселеге қарасты айталған бірқатар пікірді ескере отырып, Ұлттық банк пен үкіметке тапсырма берілді. Оны үкімет жанындағы саясат жөніндегі кеңесте қарап, тұжырымдамалық кеңестер берілген болатын. Президент әкімшілік тобы оны қарап, президентке ұсынды. Мемлекет басшысы ұсыныстарды қолдап, оны іске асыру жөнінде тетіктерін әрі қарай пысықтау жөнінде тапсырма берді", - деді министр.
Сонымен қатар министр өз сөзінде қазақстандықтардың зейнетақы қорында қанша қаржы бар екендігін де атап өтті.
"Зейнетақы жинағындағы қаржыны өз қажеттіліктеріне пайдалану мәселесі. Қазір бізде жинақтаушы зейнетақы қорында азаматтардың 10,4 млрд теңге қаржысы бар. 9,9 млн зейнетақылық есеп-шоттары бар. Бірақ өкінішке орай оның ішіндегі салымдардың мөлшеріне келетін болсақ, соның ішінде 53 пайызының жинақтауларының көлемі 500 мың теңгеге дейін ғана. Қосымша 16 пайызында 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ғана. Ал 15 пайызында 1 млн-нан 2 млн-ға дейін ғана. Салымшылардың 84 пайызының жинаулары 2 млн-ға дейін ғана", - деді Бәржан Нұрымбетов.
Оның айтынша, осыған байланысты үкімет жалпы зейнетақы жүйесін әрі қарай жетілдіруді ұсынған. Сондай-ақ министр бірқатар проблеманы атап көрсетті.
"Оның ішінде бірнеше проблема бар. Біздегі жинақтаушы жүйесі әлі жас, 21 жыл ғана болды. Жалпы мұндай жүйенің қалыптасуына 34-40 жылдай керек. Екіншіден, халық табысының төмендігі. Үшіншіден, зейнетақы жарнасының төленбеуі. Өкінішке орай, бүгінгі кәсіпорындар жұмысшы жалақысынан 10 пайыздық жарнаны ұстап, жинақтаушы қорға аудармай отыр. 2,7 млрд теңге қарыз бар. Келесі проблема инвестициялық кіріс, табыс. Жинақтаушы қордағы біздің жарналарамыздың өсуі", - деді ол.
Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескере отырып, үкімет ұсынған ұсынысытарға тоқталды.
"Біріншіден жұмыс істеп жүрген азаматтар өздерінің жинақталған жарналарын ең төменгі жеткілікті сомадан асатынын алуға болады деген ұсыныс болды, яғни соны берсек дедік. Бұл жерде ең маңыздысы сол жеткілікті шегі деген не? Ол әр азаматтың зейнетақы жинақтаушы қорындағы бар салымдардың сомасы ең аз дегенде өмір бойы ең төменгі зейнетақы мөлшерінде алуға жеткілікті сома. Сондықтан ол есептелетін сома, оны ешкім белгілемейді. Сол себепті сол сомадан жеткілікті шегінен асатын болса соны пайдалануға мүмкін еді деген ұсыныс берілді", - деді министр.
Сонымен қатар министр өз сөзінде зейнет жасына жеткендердің зейнетақысын алу туралы мәселесіне тоқталып өтті.
"Екінші категория ол зейнет жасына жеткендер. Зейнет жасына жетіп, бірақ зейнетақы жинақтау қорында ақшалары бар азаматтарға қазір заң бойынша олар тек қана ай сайын ала алады. Біздің ұсынысымыз бойынша, сол жердегі жинақтаулардың 50 пайызына дейін ала берсе дейміз. Бір ғана шартпен, ол кісінің жинақтаушы қорындағы қалған ақшасы оның мемлекет тарапынан алатын базалық зейнетақы мен еңбек зейнетақысын бәрін қосқан кезде оның табысының 40 пайызынан төмен болмаса болды", - деді министр.
Оның айтуынша, мақсат барлық жинақтаударды таратып беру емес, себебі ол азаматтардың қарттық кезін қамтамасыз ету үшін қажет. Сондай-ақ ол азаматтардың жалақыларын көлеңкеден шығару, жұмыс берушіден өзінің зейнетақы жарнасын төлеуді талап етуге ынталандыру қажеттігін баса айтты.
Назерке Сүйіндік
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Үкімет отырысы: еңбек құқықтарының сақталуы мен уақытылы еңбекақыны қадағалау тапсырылды
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту
-
М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады
-
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр
-
COVID-19-дан қорғайтын вакцина қаншалықты тиімді
-
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді
-
Р.Биғари: Мемлекет қаржысына алынған компьютерлерге білім басқармалары басымен жауап береді

