- Басты
- Б.Нұрымбетов: Қашықтан жұмыс істеу кезінде жалақы төлеу тәртібі өзгермейді
Б.Нұрымбетов: Қашықтан жұмыс істеу кезінде жалақы төлеу тәртібі өзгермейді
Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге мүмкінідігі бар жұмыс орындарын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде жалақының қалай төленетіні жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ол өз сөзінде егер ұйымдардың, мекемелердің қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, барлық жұмысшыларын қашықтан жұмыс істеу тіртібіне ауыстыру керегін тағы еске салды.
"Кеше ел президенті төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруге тапсырма берді. Басқа мелекеттік емес жеке кәсіпорындар да осы тәртіпке көшуі қажет. Жұмыс барасы Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелетін болады. Мекеменің, ұйымның басшысы бұйрығын шығарады және жалақынын төлеу тіртібі өзгермейді. Бұрынғыдай атқарылған жұмыс үшін жалақы төленеді", - деді ол.
Оның сөзінше, жекеменшік ұйымдардың басшылары өздері бұйрық шығарады, әрі еібек кодексіне сәйкес аптадағы жұмыс күнінің санын азайтуға немесе бір жұмыс күнінің ішіндегі сағатын азайтуға құқығы бар.
"Егер жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру мүмкіндігі болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге құқылы. Мұндай жағдайда ол Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші аптадағы жұмыс күнінің санын азайту немесе бір жұмыс күнінің ішіндегі сағатын азайтуына болады. Бұл кезде жұмыскерлер жұмыс істеген уақытына қарай жалақы алатын болады", - деді министр.
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Жыл қорытындысы: Парламентте қабылданған Заңдар, Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмыс нәтижелері
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы
-
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу

