• Басты
  • Б. Нұрымбетов Қарағанды облысының тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді
4 Қазан, 2019 16:11

Б. Нұрымбетов Қарағанды облысының тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығында және «Қарағанды облысының қарттар мен мүгедектерге арналған №2 медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-де болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

 


Б. Нұрымбетов Қарағанды облысының тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді | Strategy2050.kz

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен сөйлесу барысында, Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік аспектілерге назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізу – отбасылық бизнесті құру, бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін қажеттігін айқын атап өтті. Сондықтан ХЖҚО қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін өнімді жұмысқа тартуға ерекше назар аударуы тиіс.

 «Мемлекет басшысының көпбалалы аналарды шағын және орта бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көпбалалы отбасылар жобалары үшін микрокредит беру мерзімін ұлғайту ұсынылады. Кредитті өтеу бойынша қаржылық жүктемені төмендету үшін біз номиналды сыйақы ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепіл мүлкі жоқ отбасылар микрокредиттерді кепілдендіру тетіктерін ауыл мен қалаға бөлмей бірыңғай оператор арқылы тарату жоспарланып отыр», – деді министр.

  Бұдан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған №2 медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ және «Қарағанды облысы Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-де болды.

 Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың басшыларымен келіссөздер барысында Біржан Нұрымбетов мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту және қол жетімділігін қамтамасыз ету – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қойылған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударуды «сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында да жасады.

 «Биылғы жылдың мамыр айында 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа ұлттық жоспар қабылданды. Ол әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру шараларының кешенін қамтиды. Біздің бүгінгі басты міндетіміз – бұл барлық деңгейдегі Ұлттық жоспардың шараларын сапалы іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Олардың өмір сүру сапасын арттыруды, тәуелсіздікке қол жеткізуді, әлеуметтік, кәсіби қабілеттерін сақтауды және өмірдің барлық аспектілеріне қосуды қамтамасыз ету қажет», – деді министр.

 Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов «Арселор Миттал» АҚ басшылығы мен еңбек ұжымымен кездесуді жоспарлап отыр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды