• Басты
  • Б.Нұрымбетов: 42 500 теңгені алған бірде-бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайды
20 Сәуір, 2020 10:38

Б.Нұрымбетов: 42 500 теңгені алған бірде-бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайды

42 500 теңгені алғаны үшін не жіберген қатесі үшін бірде-бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл туралы төтенше жағдай кезінде кірістің жоғалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау шарттары туралы, жалған ақпарат бергені үшін жұмыс берушілер мен азаматтардың жауапкершілігі жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Б.Нұрымбетов: 42 500 теңгені алған бірде-бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайды

Министр ел ішінде тараған әлеуметтік төлемді алғандарды қылмыстық жауапқа тартады деген қауасетке жауап берді.

"42 500 теңгені алғандарды қылмыстық тұрғыдан жазалайды екен деген ақпарат тарады. Біз оның қайдан шыққанын тексердік. 5 cәуірден бастап біздің заңгерлеріміз бұл жөнінде өзінің пікірілерін білдіре бастапты. Соның бірі Закон.кз сайтында қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талқылап, оны 42 500 теңгемен байланыстырып жазған мақала жарияланған. Менің "жаппай ешкімді тексермейміз" деген сөзімді жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәліметтер беруі мүмкін деп жазған. Осыған байланысты 42 500 теңгені алған бірде-бір адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын баса айтқым келеді", - деді Біржан Нұрымбетов. 

Сондай-ақ министр әлеуметтік төлемді алғандарды неліктен тексермейтінін түсіндірді.

"Біз неге ешкімді тексермейміз? Бұл - әлеуметтік төлем. Елімізде төтенше жағдай болмаған жағдайдың өзінде еліміздегі халықтың табысы аз екені түсінікті. Жалақының мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақылар көп емес. Сол себепті көпшілік осы төлемді алғысы келеді. Сондықтан да мен өткен брифингтерде де біздің ешкімді жаппай тексеріп жатпайтынымызды айтқанмын. Ресми болсын, бейресми болсын өз бетінше жұмыс істеп жүргендердер болсын, үйлерін аралап, тексеріп жатпаймыз. Ештеңеге уайымдамаңыздар. Сіздерге төленді ме, алыңыздар, жаратыңыздар", - деді министр.

Сонымен қоса Біржан Нұрымбетов өскен зейнетақы мен жәрдемақы мамыр айынан бастап төленетінін атап өтіп, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға коммуналды қызмет үшін де қаражат төленетінін айтты.

"Осы әлеуметтік төлемді неге барлық азаматқа төлей салмайды? Төтенше жағдайға байланысты үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды және әлі де қарастырылуда. Несиелер, қарыздар, салықтар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақылар тоқатаған жоқ, олардың көлемі керісінше өсті. Жаңа қаражат бөлінгенненге дейін біз сәуір айын төлеп қойғанбыз. Сондықтан мөлшері өскен зейнетақы не жәрдемақыны мамырдан бастап алады. Халықтың әлжуаз топтарына коммуналдық шығындарды өтеу жөнінде 15 мыңнан төлем енгізілді. Бұл туралы мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізеді", - деді ол.


Сонымен қатар министр өтініш бергенде кезде "Иә, біз табысымыздан төтенше жағдайға байланысты айырылдық" деген жазба бар екенін еске салды. Осы өтініш бойынша төлемдер берілетінін атап өтіп, азаматтарды жалпы тәртіпті сақтауға шақырды.

"Сондықтан оны хабарландыру түрінде қабылдап, біз ол өтiнiшке сенiп, төледiк. Алайда, тәртiп болуы керек. Егер де заңда не бiздің түсіндірмеде тек ақысыз демалысқа кеткен кезде төленедi делiнген болса, осы  тәртіпті сақтау қажет. Сондықтан, тағы да айтамын, жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ресми не бeйресми өз бетiнше жұмыспен айналысып жүргендер үшін ешқандай проблема жоқ. Уайымдамаңыздар. Ешқандай ақшаны қайтару немесе бiздi тергейдi, тексередi екен деп ойламасын. Ешкiм жеке тұлғаларды тексермейдi", - деді Біржан Нұрымбетов.


Ал оның сөзінше, мәжбүрлi ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп, тұрақты жалақы алып жүргендер әлеуметтік төлемді алатын болса, бұл заңбұзушылыққа әкелмек.

"Бұл дұрыс емес. Бұл мемлекеттiк сақтандыру қорынан төленiп жатыр. Ал аталмыш қор  42 500 теңгеден басқа мүгедек жандарға, асыраушысынан айырылған жанұяларға, жұмысынaн айырылғaн адамдарға, баланы бір жылға дейін күтіміне байланысты төлемдер, декреттік демалысқа, жүкті болуынa және кейiн босанғаннан кейiнгi төлемдерді төлеп келе жатыр. Сондықтан ақысыз демалысқа жiберілмегендерге сұрау жасайды да, кейiн қайтаруды талап етеді. Тағы да қайталап айтамын, тек жалдамалы қызметкерлер, ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрақ бар. Cебебі олар заңсыз алғaн", - деді министр.


Бұдан бөлек Біржан Нұрымбетов 3 млн-ға жуық адамның белгілі бір себептерге байланысты өтініштері кері қайтарылғанын атап өтті.

"Біріншіден, азаматтар өзінің не жұмыс орнының жеке сійкестендіру нөмірін дұрыс көрсетпеген. Бұл жерде 12 нөмір бар, соны қателеспей, тиянақты, дұрыс көрсеткендеріңіз жөн. Өйткені ол сіз емес болып шығасыз, тіпті басқа адам да боуы мүмкін. 160 мыңдай адам осындай қате жіберген. Екіншіден, банктің ревизиттарын, есепшот нөмірлерін қате көрсеткендер. Сздерге KZ деп басталатын 20 санды жіберулеріңіз керек. Кейбіреулер картасының нөмірін көрсетеді. Ол жерде 16 сан. Бұл картаға сіздің шотыңызға түскен соң, банк аударып береді. Біз тек банктегі есепшотыңызға аударамыз", - деді ол.


Сонымен қатар ол есепшоттың дұрыс көрсетілгенін қалай тексерілетінін жөнінде тоқталып өтті. Оның кейбір азаматтар жабылып қалған банктердегі есепшот нөмірін жіберген. Сол себепті азаматтарды мұқият болуға шақырды. 

"Біз банктегі есепшотты қалай тексереміз? Бізге өтініш түскен кезде осы нөмірлерді тексереміз. 19 сан болса, бұл деген дұрыс емес. Кейбірі жабылып қалған банктің есепшотын жіберіп жатыр, біз оны да қайтарып жатырмыз. Ал 20 сан түгел болса, біз оны тағайындауға жібереміз. Сөйтіп бір жұмыс күнінің ішінде сол есепшотқа аударамыз. Бірақ осы күндері 800 мың адамның аударған есепшотынан банктер бізге қайтарды. Себебі ол банктегі есепшоттар жабылып қалған. Сіздерді мазаламай, сол банктегі жұмыс істеп тұрған шоттарыңызға қайта аударып бердік. 70 мың адамда 20 сандық есепшот болмай шықты. Сондықтан сіздерге дұрыс банктің шотын көрсетіңіздер деген смс жіберіледі", - деді Біржан Нұрымбетов.

Aйта кетейік, министрдің сөзіне сүйенсе, бүгінде 42 500 теңге 3 млн 960 мың адамға тағайындалған,  оған 157 млрд теңге қаражат жұмсалды. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды