• Басты
  • Б.Макен аулаға қандай талаптарды сақтап шығуға болатынын айтты
28 Сәуір, 2020 12:37

Б.Макен аулаға қандай талаптарды сақтап шығуға болатынын айтты

Тұрғылықты мекен-жай бойынша  аулаға  3-тен артық адамға жиналуға болмайды. Азаматтар маска мен медициналық қолғап киіп жүрулері тиіс. Олардың жеке куәліктері болуы керек. 60-тан асқан адамдарға қажеттілігінсіз аулаға шықпауға кеңес беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Б.Макен аулаға қандай талаптарды сақтап шығуға болатынын айтты
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде елдегі ТЖ жағдайын 11 мамырға дейін ұзарту бойынша шешім қабылдады. Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізді пандемиядан құтқару бәрімізге ортақ міндет екенін атап өтті. Мемлекеттік комиссия вирустық бақылауды қатаң бақылауда ұстап отырған қалаларда жұмысын қайта бастайтын бірқатар ұйымдарды жариялады», - деді Б.Макен.

Ол атап өткендей, қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелді.

«9 пайыз өсім бар. 332 науқас стационарда жатыр. 214 адам емделіп шықты. Үйдегі карантинде 2576 адам бар. Өкінішке қарай, 3 адам қайтыс болды. 9-сәуірден бастап экспресс-тестілеу басталған болатын. Оны 15 528 адам тапсырды. Қазіргі кезде 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр халде. Оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазірге дейін 29 680 лабораториялық зерттеу жүргізілді», - деді ол.

Әкімнің орынбасары қалада ауқамды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуып жатқанын айтты.

« 2832 тұрғын үй кешенінде дезинфекция жүргізілді. Оның ішінде 10 мың кіреберіс залалсыздандырылды. Барлық тұрғын үй кешендеріне екінші мәрте дезинфекция жасау басталды. Сонымен қатар, 1600-ден астам аулаға дезинфекция жасалды», - деді ол.

Б.Макен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында  ІІ кезең аясында Нұр-Сұлтан қаласында жұмысы қайта жанданған мекемелер сақтауы тиіс талаптарды атап өтті.

«Қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдарының жұмысы 9:00-ден 18:00-ге дейін барлық санитарлық талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер қызметкерлерді жұмысқа жеткізуді қамтамасыз ету керек. Медициналық пункт пен медицина қызметкерлері жұмыскерлерді ауысым бойынша тексеріп отырулары тиіс. Электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер іске қосылады. 2 мың шаршы метрі бар дүкеннің іске қосылуы медициналық қызметкерлердің болуы арқылы жүзеге асырылуы тиіс», - деді ол.

Б.Макен атап өткендей, 27-сәуірден бастап аулалар мен саяжайларға шығу рұқсат етілді.

«Саяжайға 06:00-ден бастап 20:00-ге дейін жеке көлікпен қатынауға болады. 65-тен жоғары адамдарға саяжайға шығуға кеңес берілмейді. 18-ге толмаған балалар ата-анасының қарауынсыз жүруге болмайды. Аулада 3-тен артық адамға жиналуға болмайды. Азаматтар маска мен медициналық қолғап киіп жүрулері тиіс. Олардың жеке куәліктері болуы керек. 60-тан асқан адамдарға қажеттілігінсіз аулаға шықпауға кеңес беріледі», - деді ол.
Аягөз Құрмаш 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды