• Басты
  • Медициналық маскалардың 10% тұрғындар арасында таратылды - Б.Мәкен
30 Наурыз, 2020 13:09

Медициналық маскалардың 10% тұрғындар арасында таратылды - Б.Мәкен

Бүгінгі таңда алынған медициналық маскалардың 10% тұрғындар арасында таратылған. Бұл туралы астана әкімдігі қолға алған шаралар жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты, деп Strategy2050.kz хабарлады тілшісі.

Медициналық маскалардың 10% тұрғындар арасында таратылды - Б.Мәкен

Оның сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге тіркелген тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету мақсатында "СК-Фармация" ЖШС-нен 300 000 медициналық маска алынған.

"Медициналық маскалар диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, жүкті әйелдерге үлестірілуде. Осылайша, бір жолғы рет аяғы ауыр әйелдерді қамтамасыз ету үшін 68 500, егде жастағы азаматтар үшін 183 500, онкологиялық ауруларға шалдыққан азаматтар үшін 48 000 маска бөлінді. Қазіргі күні алынған медициналық маскалардың 10% тұрғындар арасында таратылған. Егде жастағы пациенттерге волонтерлер мен медициналық мекемелердің қызметкерлері маска мен қажетті дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізіп беруде", - деді қала әкімінің орынбасары.


Сонымен қатар оның айтуынша, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын қолдау мақсатында қалалық еріктілер партияның волонтерлерімен бірлесіп, «Birgemiz» акциясының аясында 3,6 мыңнан астам отбасыға, оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдеріне атаулы көмекті көрсеткен.


"Карантин кезінде мұндай көмек 5 мыңнан астам отбасыға көрсетіледі деп жоспарлануда. Елордалық еріктілер қаладағы 7 блокпосттың қызметкерлеріне 3,5 мың респираторлық бетпердені таратты. Сонымен қатар қалалық волонтерлер штабының мүшелері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында, шағын және орта бизнес өкілдеріне карантин режимінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп жатыр", - деді Бақтияр Мәкен.  


Бұдан басқа оның сөзінше, 25 наурыздан бастап елорда волонтерлері медициналық қызметкерлерімен бірлесіп, диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтарға дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізуде. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды