• Басты
  • Б.Мәкен: Елордада жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем беріле бастады

Б.Мәкен: Елордада жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем беріле бастады

30 Наурыз, 2020 12:32

Елордада жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем беріле бастады. Бұл туралы астана әкімдігі қолға алған шаралар жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты, деп Strategy2050.kz хабарлады тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай кезіндегі коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары кеңінен жүргізілуде. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев "Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде ай сайынғы төлем енгізуді тапсырған болатын. Қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макеннің айтуынша, ел астанасында бүгіннен бастап жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем берілу басталды. 

"Мемлекет басшысының әлеуметтік жұмыссыздықты шешу мақстатындағы тиісті мәселелерге тоқталып, тапсырма берген болатын. Соған байланысты елордада жұмыс басталып кетті. Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап әлеуметтік төлем берілу бсаталады. Қазірге дейін азаматтар тарапынан 300 өтініш түсті. Бүгіннен бастап жұмысынан айырылған азаматтарға, жұмыссыз қалғандарға берілетін болады. Оның көлемі - 42 мың теңге", - деді Бақтияр Мәкен.

Оның сөзінше, бүгіннен бастап барлық қоғамдық көлікке тиісті шектеулер қойылуда. Ал кәсіпорындар мен мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен бірге қала әкімінің орынбасары елорда медицина қызметкерлері үшін арнайы қонақүйлер мен көліктер берілгенін атап өтті.

"Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының стационарында коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырған адамдармен тікелей байланысты болған адамдар мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді. Қалалық штаб ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, 50-ден астам көлік берілді", - деді ол.

Сонымен бірге қала әкімі орынбасарының айтуынша, медицина қызметкерлеріне бүгіннен бастап арнайы сыйақы берілмек.

"Мемлекет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық салаларда жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшн қаржылық қолдау пакеті бекітілгенін хабарладық. Сол бастаманы қолға алып, бүгіннен бастап барлық біздің медициналық мекемелердегі қызметкерлерге тиісті сыйақы беріледі", -  деді Бақтияр Мәкен.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар