• Басты
  • Б.Мәкен: Елордада санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жұмысын тоқтатты
24 Сәуір, 2020 13:06

Б.Мәкен: Елордада санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жұмысын тоқтатты

Ел астанaсында санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жұмысын тоқтатты. Бұл туралы коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайы, қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі шаралар жөніндегі баспасөз мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Б.Мәкен: Елордада санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жұмысын тоқтатты
"Біз елордадағы мекемелермен және кәсіпорындармен санитарлық талаптарды орындау туралы келісім-шартқа қол қойдық. 20 сәуірден бастап  санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жұмысын тоқтатты. Оған қорғаныс құралдарының жоқтығы, қызметкерлер үшін көлік тасымалын ұйымдастырмағаны ссебеп болып отыр. Сонымен қатар дезинфекция шаралары да жүргізілмеген", - деді қала әкімінің орынбасары. 

Сонымен қоса Бақтияр Мәкеннің айтуынша, 20 сәуірден бастап бірқатар жұмыс орындары қайта іске қосылып, мыңдаған адам жұмысқа шыққан.

"Елордада 20 сәуірден бастап 80 мыңға жуық тұрғын жұмысқа шықты. Жұмыс беруші мекмелер өз қызметкерлері үшін арнайы көлік ұйымдастырып, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар 20 сәуірден бастап 500 құрылыс нысаны ашылып, жұмысын жалғастыруда. Тек осы нысандарда шамамен 20 мың адам жұмыс істейді", - деді ол.

Сондай-ақ ол карантиннің әлі алынбағанын айтып, тұрғындарды барлық талаптарды орындауға шақырды. Оның сөзінше, осы орайда, полиция департаменттері, еріктілер, патрульді қызмет арнайы рейдтер ұйымдастыруда.

"Қаладағы көптеген саябақ, алаң мен адамдар көп жиналатын орындардың барлығы жабық.  Бүгін біз карантинге арналған арнайы аумақты белгіледік, қазір онда кіріп-шығуға рұқсат жоқ. Сондықтан полиция департаменті мен еріктілер арнайы рейдтер жүргізуде. Олар көшелерді, нысандарды, ғимараттарды аралап жүріп, тексереді. Тұрғын үйлердің аулаларында арнайы патрульді қызмет жүргізіледі, өйткені біз  ауа-райының да далаға шығып серуендеуге  мүмкіндік беріп отырғанын түсінеміз. Десек те, азаматтар тәртіпті сақтауы керек. Каранитин режимі әлі алынған жоқ, сол себепті карантин талаптарын орындау қажет", - деді шаһар басшысының орынбарасы.

Бұдан бөлек  Бақтияр Мәкен COVID-19 инфекциясына экспресс-тест тапсыру жөнінде айтып өтті. Оның айтуынша, елордада 9 сәуірден бастап экспресс-тестілеу жұмыстары басталған.

"Жаппaй экспресс-тестілеу 9 сәуірде жүргізу басталған болатын. Бұл тестті 12 752 азамат тапсырып үлгерді. Бұдан басқа тағы 41 мың экспресс-тест квота бойынша арнaйы медицинa, пoлиция, Ұлттық ұлан қызметкерлерi, әскерилер, қаладағы өмірді  қaмтамасыз ету жүйесі мен коммуналдық қызметтердің жұмысшыларына берілдi. Мұндай iс-шаралар корoнавирусты тез арада aнықтап, дeр кезінде медициналық көмек беруге мүмкіндік бермек", - деді ол. 

Сонымен қоса оның сөзіне сүйенсек, астанадағы №2 емхана коронавирусқа тест тапсыруға арналған құралдармен жабдықталған, себебі онда вирустың бар-жоғын анықтауға болады.

"Астанадағы №2 қалалық аурухана қазір тәулік бойына жұмыс істейді. Емханада жедел респираторлы вирустық инфекциялар белгілері бар науқастар қабылдау үшін обсервациялық клиника ұйымдастырылды. Онда коронавирустық инфекцияның бар-жоғына зертханалық зерттеулер жүргізілді. Бұл бізге келген адамдарда жедел респираторлы вирустық инфекциялардың белгілерін тиімді және жылдам анықтауға мүмкіндік беріп отыр", - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде кірістердің жоғалуына байланысты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. 

"24 сәуірдегі жағдай бойынша, 243,5 мыңнан астам азамат 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды. Барлығы 594,5 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алуға өтініш берді. 238 мың өтініш қабылданбады.  Сонымен қоса халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету аясында Нұр-Сұлтанның 30,3 мыңнан астам тұрғыны азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар сатып алу үшін қосымша төлемдер алды", - деді қала әкімінің орынбасары.

Бұдан басқа ол елбасының бастамасымен "Біз біргеміз!» акциясы аясында елордада 19 наурыздан 23 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарындағы 14 478 отбасыға "Нұр Отан" партиясынан 50 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілгенін атап өтті. 

"Қазір әлеуметтік қолдаудың екінші толқыны іске қосылуда. Оның шеңберінде 28 мыңнан астам азаматқа материалдық көмек көрсетіледі. Партия тарапынан және басқа да кәсіпкерлер мен қамқор азаматтардың көмегімен 10 495 азық-түлік себеті таратылды. Наурыз айының соңынан бастап бүгінгі күнге дейін шамамен бір жарым миллионға жуық антисептикалық маскалар берілді. Жалпы, қалада әртүрлі қоғамдық жұмыстарға қалалық штабтан 500 ерікті тартылды", - деді Бақтияр Мәкен.

Сонымен қоса Бақтияр Мәкен елорда тұрғындарын сақтық шараларын сақтап, Рамазан айында ауызашар секілді шараларды ұйымдастыруды кейін қалдыруды ұсынды.

"Өкінішке орай, карантин шараларына байланысты қалада алғаш рет тарауық намазы мешіттерде жамағатсыз оқылады. Әрбіріміз сақтық шарасына мән беруіміз керек. Барлық мұсылмандарды карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қоғамдық орындарда тарауық намазын оқудан, көпшілікпен бірге ауызашар ұйымдастырудан бас тартуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта арқаны кеңге салып, осы жағдайға салғырт қарамау керек. Баршаңызды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, үйде болуларыңызды талап етеміз", - деді ол.

Сонымен қоса ол қалада коронавирус инфекциясының 433 жағдайы тіркелгенін атап өтті. Ал 225 науқас стационарларда,  207 адам емделіп шыққан. Оның сөзінше, үйдегі карантинде 2396 адам бар.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды