• Басты
  • Бүгін - мемлекеттік рәміздер күні
4 Маусым, 2020 10:41

Бүгін - мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін - Қазақстанда мемлекеттік рәміздер күні. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған заңға байланысты жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтіледі. Осы орайда мемлекеттік рәміздердің шығау тарихы мен рәміздерге қатысты қызықты оқиғаларға шолу жасауды жөн көрдік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бүгін - мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілген еді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады.


Жалпы кез келген елдің мемлекеттік рәміздерінінің өзіндік мағынасы бар. Қазақстан тарихына келетін болсақ, мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік рәміздер - бұл мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді" деп атап өткен еді. 
Мемлекеттік рәміздерді әзірлеу мен бекіту кезінде олардың мазмұны мен безендірілуіне ерекше назар аударылды, бүкіл процесс тұрақты бақылауда және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өткенін атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

flag.png

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

kfkf.png

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  "Қазақстан" деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Kazakhstan_National_Anthem.png

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.


ҚР Мемлекеттік рәміздері тарихынан қызықты деректер

Қазақстанның тәуелсіздік тарихы көптеген қызықты оқиғалар мен фактілерге толы. Олардың арасында Мемлекеттік рәміздер тарихы да маңызды орынға ие.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жаңа мемлекет үшін басты міндеттердің бірі Мемлекеттік рәміздерді әзірлеу және бекіту керек болды. Дайындау барысына зиялы қауым өкілдері де қатысып, көп күш жұмсады.

1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес Президиумының жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындауға арналған жұмыс тобын құру туралы қаулысы шықты. Соған сәйкес арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шаймерденов секілді танымал тұлғалар кірді.


Елтаңба, Ту, Гимн жобаларын әзірлеуге конкурс жарияланып, 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту эскиздерінің шығармашылық дизайнымен барлығы 1200 өтінім келіп түсті. Сондай-ақ 245 сурет жобасы және болашақ Елтаңбаның 67 сипаттамасы және Мемлекеттік Гимннің 750 нұсқасы ұсынылған болатын.


Байқауға қатысушыларға үлкен міндет жүктелді. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптарға ғана емес, сонымен қатар тарихи, саяси, экономикалық талаптарға да сай болуы керек. Сонымен қатар жас мемлекеттің саясаты мен мақсатын айқын көрсетуі қажет.


Бұл Шәкен Ниязбеков (тудың авторы), Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихан (елтаңбаның авторлары), Шәмші Қалдаяқов (әнұран), Жұмекен Нәжімеденов (әнұранның мәтіні) секілді шеберлердің үшін мүмкін болды.


Сондай-ақ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік рәміздерді қабылдауда ерекше рөл атқарғанын айтып кеткен жөн. Ол гимннің мәтініне еліміздің дамуының мұраттары мен мақсаттарына сәйкес келетін өзгертулер енгізді. Сонымен қатар елбасы терминдерді қазақ тілінде қолдануға ерекше назар аударды. Оның бастамасымен "елтаңба", "әнұран", "нышан, рәміз" сияқты ресми терминдер енгізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.


Мемлекеттік рәміздер қабылданғалы бері қазақстандықтардың барлық жеңісі мен жетістіктігі солармен байланысты болды. Біздің отандастарымыз әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың жеңіс тұғырында еліміздің байрағын желбіретті. 


Сондай-ақ көк ту тек олимпиада секілді жарыстарда ғана емес, ғарыш станциясында, Жер планетасында да желбіреді. Мәселен, тәуелсіз Қазақстанның өкілі Талғат Мұсабаевтың ғарыш станциясында бүкіл әлемге Мемлекеттік туымызды көтеріп, сөз сөйлегеніне де 26 жыл өткен. Ал 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұшуы кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Жер планетасын 150 рет шарлаған еді. 


Жалпы Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы - жастардың патриотизмін және барлық ұлттардың бірлігін нығайту, тәуелсіз елдің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды