• Басты
  • Бүгін мәжілісте салық салу, цифрландыру, экология мәселелері қаралды
24 Маусым, 2020 14:47

Бүгін мәжілісте салық салу, цифрландыру, экология мәселелері қаралды

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында көлік салығы, 5G байланысына қатысты жеңілдіктер, кәсіпкерлік салық, көлік салығына қатысты жеңілдіктер, шетелдік кәсіпорындар үшін қосымша құн салығы және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды «Strategy2050.kz» тілшісі.


Бүгін мәжілісте салық салу, цифрландыру, экология мәселелері қаралды

Мәжіліс депутаттары қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, одан электр энергиясын алу үшін құқықтық база құруды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс бірінші оқылымда мақұлданған. Енді заң жобасының екінші оқылымында осы шаралар іске асырылу барысында туындайтын құқықтық мәселелер, құқықтық нормалардың редакциясын жақсартуға және оларды талаптарға сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар түзету қарастырылды.

Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен Заң жобасына депутаттар бастамашылық жасағанын атап өтті. Оның айтуынша өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана кіреді. Сондай-ақ, ол Қазақстанда шамамен жыл сайын 5 млн тонна қалдық пайда болып, олардың тек 15 пайызы қайта өңделетінін, осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Мәжілісмен Шавхат Өтемісов бұл шаралардың экологиялық және экономикалық пайдасы көп.

«Аталмыш Заң жобасы бір оқпен екі қоянды атуға мүмкіндік беретін мәселеде зор көмегін тигізеді. Бірінші оқылымда талқылаған кезде ол қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсаты бары айтылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алу шараларын реттейтін болады. Бұның экологиялық және экономикалық та пайдасы бар», - деді Шавхат Өтемісов.

Сонымен қатар мәжілісте көлік салығының төлеу мерзімі сөз болды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыруды ұсынды

Осыған дейін мәжілістегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастыруға қатысты өткен бірінші оқылымында салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібі) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылған болатын. Енді 2 салық бірыңғай төлеммен төленіп, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылды.

Депутаттар халыққа қолайлы болу үшін көлік құралдары салығын төлеу мерзімі енді жыл соңына дейін төлеуді міндеттемейді. Көлік иелері бұдан былай көлік салығын келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі мүмкін.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 5G жаңа байланыс түрін құруға қатысты жеңілдіктер туралы ақпар берді.

Осыған дейін елімізде 5G жоғары жылдамдықты интернетті енгізу процессі туралы бірнеше рет бастама көтерілген болатын. Жақында «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев 5G жоғары жылдамдықты интернетті енгізуді түсіндірген еді. Жаңа технологияны дамытуда байланыс операторлары өзінің қаржысын да салатын болады.

Министр Руслан Дәленов заң жобасы бойынша баянда жасаған кезде 5G жаңа байланыс түрін құруға инвестициялар тарту және жасанды интеллектіні дамыту мақсатында радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін қазақстандықтарға төлемақы мөлшерлемелерін 5 жыл мерзімде 10 есеге дейін төмендетуді ұсынды.

Бірінші оқылымда мақұлдан «Салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының маңызды бағыттары ретінде салық жүйесін реформалау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, тарифтік саясатты және монополияға қарсы реттеуді жетілдіру және басқа шалар кірістірілген.

«Елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру мен жүйелерді жаңғыртуды ескере отырып, қолданыстағы рәсімдер қайта қаралуда. Электрондық форматтағы қызмет, салық есептілігін тапсыру мүмкіндігі кеңейтіліп, енді оны бір реттік парольді пайдалану арқылы жүргізу мүмкіндігі бар. Тұрақты әлеуметтік маңызы бар көлік құрпалдары үшін қосылған құн салығынан 3 жылға босату, 5G жаңа байланыс түрін құруға инвестициялар тарту, жасанды интеллектіні дамыту мақсатында радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін 5 жыл мерзіміне 10 есеге төмендетуді ұсынамын», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанның Парламент Мәжілісі жалпы отырысында инвестициялық салық кредитін енгізу ұсынысын жеткізді.

«Жалпы салық жүйесінде инвестициялық салық кредиті түсінігі бар. Алдағы уақытта осы саладағы салық кредитін енгізуді ұсынамын. Анықтауымыз бойынша кредит корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға пайызсыз беріліп, шарттар орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеу жоспарда бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, өндіріс көлемін ұлғайтуды ынталандыру үшін мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнімдер, қант қызылшасынан қантты өндіруге есептелген қосылған құн салығын азайту бойынша норманы қолдану ұсынылады.», - деп сөзін толықтырды министр мырза.

Сондай-ақ мәжілісте отандық өндірушілер экспорт кезінде қосымша құн салығын бөліп қайтару мәселесі талқыланды.

«Қазақстандық өндірушілер үшін экспорт кезінде қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату мақсатында қосылған құн салығын жеңілдетілген түрде қайтару құқығын беруді ұсынамын. Мәселен, тексерусіз – 50%, қалған 50% - тексеруден кейін қайтарылады. Сонымен қатар, отандық автокөліктердегі қазақстандық үлесті арттыру үшін, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіру кезінде қосылған құн салығы бойынша жеңілдікті қолдану ұсынылады», - деді министр.

Мәжілісте жеке тұлғаларға салық салу жеңілдетілетіні де айтылды. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жеке тұлғаларға қызметтері мен тауарларын электронды түрде өткізетін шетелдік интернет компаниялар қосылған құн салығын төлеу ұсынылатыны жеткізді.

Қазақстан азаматтарына қызмет көрсететін шетелдік интернет компаниялары қосылған құн салығын, басқаша айтқанда «Google салық» салуға мүмкіндік беретін Заң жобасына нормалар ұсынылып, «Google салықты» тек шетелдік интернет компаниялар төлейтіні айтылды.

«Еліміздегі заңды және жеке тұлғаларға бұл норма қатысты емес. Норма шетелдік интернет компанияларға қатысты. Олар Қазақстанда есепке тұруға және қосымша құн салығын төлейді. Халықаралық стандартта солай. Енді соған орай шетелдік интернет компаниялар Қазақстанда көрсетілетін қызметтер көлемі, айналымы бойынша қосылған құн салығын төлеуге дайын болғанымен төлемге қатысты тиісті норма болмаған, осы уақытқа дейін. Дегенмен, бұл қызметтер көлемі ауқымды емес, аталмыш ҚҚС арқылы жылына бюджетке 2 млрд теңге сомасында түсім түсетіні жоспарлануда. Алайда қызметтер көлемі өскен сайын, салық көлемі де артатын болады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

 

Барлық жаңалықтар