• Басты
  • Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды – Қ.Тоқаев
11 Мамыр, 2020 12:37

Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды – Қ.Тоқаев

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қ.Тоқаев бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

 


 Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды – Қ.Тоқаев

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды.Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz сайтында жарияланады.

Фото: Берік Уәли 

Барлық жаңалықтар
100.24.125.162, 192.168.88.100