- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Оның мәліметінше, соңғы 15 күнде коронавирус жұқтырғандар саны азайған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Жұқтырғандар саны азайған
Облыс әкімінің орынбасары коронавируспен күрес шаралары жалғасып жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9 пайыздан 0,6 пайызға төмендеген. Ал, өткен тәулікте 218 жағдай анықталды, оның ішінде 35-і бала екені анықталған.
«Өңір қызыл аймақта. Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде. Бүгінде инфекциялық стационардың жүктемесі 55 пайызды (3360 адам, барлығы 6080 төсек бар), реанимациялық бөлім жүктемесі – 19 пайызды құрайды (97 адам)», - деді Байжұманов Батыржан.
Оның дерегінше, амбулаториялық емдеуде 6877 пациент бар, аталған пациенттерге 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, облыс халқына 206 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтінін еске салды. Сондай-ақ, облыстағы коронавируспен күрес жүргізіп отырған 4 орталық дәрігерлері жағдайы ауыр науқастарға күнделікті бейнекамера арқылы кеңес беріп отырғанын жеткізді.
Дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті
Бұдан бөлек, облыс басшысының орынбасары, биылғы 1 қыркүйектен бастап 15 зертханада 35 мың ПТР зерттеулері жүргізіліп, 2654 КВИ жағдайлары анықталғанын атап өтті. Оның мәліметінше, зертханалардың тәулігіне 11 мың тест жасауға мүмкіндігі бар.
«Облыстық ауруханаларда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар. 1,3 млрд теңгеге облыстың тұрақтандыру қоры құрылды, «ИНКАР» ЖШС қоймаларында дәрі -дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 56 атауы алынды. Облыс дәріханаларында дәрі -дәрмек тапшылығы жоқ», - деді Байжұманов Батыржан.
Халықтың 82 пайызы толық вакцина алған
Бұдан басқа, ол аймақта алгоритм бойынша халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
«Әр елдімекенде 244 пункт ашық, 71 жылжымалы бригада мен 17 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Жалпы 732 мың вакцина дозасы салынды. I компонентпен 647 мың адам немесе 88,4% тұрғын қамтылған. Сонымен қатар, II компонентпен 515 мың адамға немесе 82,3%-ына вакцина салынған», - деді ол.
Оның сөзінше, бүгінде жоспар бойынша вакцинациямен қамту 65%-ды құрайды.
«Бүгінгі таңда Балқаш (106%), Ақсу (103%) аудандарында вакцина салу аяқталды. Алайда, Панфилов (54%), Талғар (49%), Қаратал (47%) аудандарында вакцинация баяу қарқынмен жүргізіліп жатыр. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деді Байжұманов Батыржан.

-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
-
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді
-
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты
-
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда

