• Басты
  • "БҰҰ- Қазақстан" Қауымдастығы құрылады
27 Қыркүйек, 2019 11:26

"БҰҰ- Қазақстан" Қауымдастығы құрылады

Елордада жастар жылы аясында "II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі" атты конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференцияда сөз сөйлеген Орталық Азия БҰҰ Моделін Үйлестіру орталығының жетекшісі Валихан Бахретдинов "БҰҰ- Қазақстан"  Қауымдастығы құрылатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
"БҰҰ- Қазақстан"  Қауымдастығы құрылады

"Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасында "БҰҰ- Қазақстан"  Қауымдастығы құрылады. Аталған ұйым келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Оның басты мақсаты- БҰҰ-ның құндылықтары мен ұстанымдарын Қазақстан аумағында дамыту болмақ. Бұл үкіметтік емес ұйым Біріккен Ұлттар ұйымының еліміздегі көмекші органы десек те болады",- деді Валихан Бахретдинов.

Айта кету керек, "II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі" халықаралық конференциясы жастарға әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселелерін шешуге қатысуға көмектеседі. Сондай-ақ, конференция аясында жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдердің сақталуы, ғарыш кеңістігінде қару-жарақтың таралу проблемалары, санкциялардың халықаралық саясатқа әсері секілді жаһандық мәселелер туралы пікірталастар өткізіледі.

Осымен екінші рет өткізіліп отырған жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстаннан 250 делегат қатысуда.

Айта кетейік, былтырғы "I Орталық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі" атты конференциясында Сирия дағдарысы, Иранның ядролық бағдарламасы, адам құқығының бұзылуы секілді проблемалар талқыланған болатын.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды