• Басты
  • Б.Атамқұлов: Көлік инфрақұрылымының дамуына 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды
22 Қазан, 2019 10:00

Б.Атамқұлов: Көлік инфрақұрылымының дамуына 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды

Соңғы бес жылда көлік инфрақұрылымының дамуына 5 трлн 800 млрд теңгедей инвестиция тартылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкіметте өткен жиында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.  

Б.Атамқұлов: Көлік инфрақұрылымының дамуына 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды

Атамқұлов министрліктің Елбасы тапсырмасымен қолға алынған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда екенін айтып, аталған бағдарламаның 2020-2025 жылдарға арналған жаңа жобасымен таныстырды.

"Соңғы бес жылда көлік инфрақұрылымының дамуына 5 трлн 800 млрд теңгедей инвестиция тартылды. Оның 44 пайызы немесе 2 трлн 540 млрд теңге мемлекеттік қаражат болса, қалған 56 пайызы немесе 3 трлн 274 млрд теңгесі мемлекет жекеменшік әріптестігін қоса алғандағы жеке сектор үлесіне тиесілі", - деді министр.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, көлік саласы бойынша инвестицияның басым бөлігі автомобиль жолдары және теміржол жобаларына жұмсалған. 

"Көлік саласы бойынша инвестицияның басым бөлігі автомобиль жолдары және теміржол жобаларына тиесілі, сәйкесінше 37 пайыз және 40 пайыз. Осындай инвестицияның салынуы нәтижесінде 2014 жылмен салыстырғанда көрсеткіштерде өсім бар. Жалпы ұлттық өнімде көлік секторының үлесі 7,9 пайыздан 2018 жылы 8,2 пайызға өсті. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша 8,3 пайызға жетеді деп күтілуде", - деді Атамқұлов. 

Бұдан бөлек, министрлік басшысы атап өткендей, 400 мың жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі 1,7 есеге артқан. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, транзиттік авиажолаушылар саны 4 есеге аскен, ал биылғы жылдың соңына дейін 1 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр.

"Жалпы контейнерлер транзиті үш есеге артып, 271 мыңнан 825 мың 20 футтық баламалы контейнерге дейін өсті. Транзиттен кіріс 4,3 есе артып, 180 млрд-тан 782,4 млрд теңгеге дейін өсті. Жүк автотасымалдарының транзиті 1,5 есе артып, 1 млн 300 мыңнан 1 млн 800 мыңға дейін жетті. Ал, транзиттік авиажолаушылар саны 4 есе артты. Биылғы жылдың соңына дейін 1 млн-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті министр. 

Бұдан бөлек, оның айтуы бойынша, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық маңызы бар 3 мың км автожол салынып, 1,4 мың км жаңа теміржол пайдалануға берілген.

"Республикалық маңызы бар 3 мың км автожол салынды және реконструкцияланды. Оның ішінде толық аяқталған Батыс Еуропа - Батыс Қатый дәлізі, Нұр-Сұлтан-Қарағанды, Алматы-Талдықорған, Көкшетау-Петропавл, Ақтау-Бейнеу, Орал-Каменька учаскілері. Сондай-ақ. 1,4 мың км жаңа теміржол пайдалануға берілді. Ол Арқалық-Шұбаркөл, Бөржақты-Ерсай, Жезқазған- Бейнеу, Алматы-Шу учаскесіндегі екінші жол", - деді Атамқұлов. 

Сонымен қатар, министр еліміздегі бірнеше қала әуежайларының жолағы жаңғыртылғанын айтып өтті.

"Орал, Петропавл, Алматы, Семей, Қостанай, Балқаш әуежайларында алты ұшу-қону жолағы жаңғыртылды. Түркістан әуежайы жолағын жаңғыртуды биыл бастадық. Бұл жоба жаңа "Нұрлы жол" бағдарламасына өтеді. Халықаралық авиамаршруттар саны 99-ға жетіп, Гонконг, Токио, Ұлан-Батыр, Прагаға жаңа бағыттар ашылды", - деді министрлік басшысы. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды