• Басты
  • Б.Атамқұлов: Алматыда жеңіл автомобиль шығаратын өндіріс орны іске қосылады
2 Маусым, 2020 18:22

Б.Атамқұлов: Алматыда жеңіл автомобиль шығаратын өндіріс орны іске қосылады

Биыл Алматыдағы «HyundaiTransKazakhstan» ЖШС кәсіпорнында жеңіл автомобиль шығаратын тағы бір өндіріс іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Б.Атамқұлов: Алматыда жеңіл автомобиль шығаратын өндіріс орны іске қосылады
"Машина жасауда ең серпінді дамып келе жатқан сала - автомобиль жасау. 2019 жылы 50 мыңнан астам автомобиль өндірілді. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша 23 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Биыл Алматыдағы «HyundaiTransKazakhstan» ЖШС кәсіпорнында (жылына 30 мың автомобиль) жеңіл автомобильдер шығаратын тағы бір өндіріс іске қосылмақ", - деді министр. 

Министрдің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын Индустрияландыру картасы шеңберінде жобалар іске қосылған. 

"2015-2019 жылдары ішінде 5,2 трлн теңгеге 556 жоба жүзеге асырылып, 85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2020 жылы 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрылып, 1,1 трлн теңге сомасына 160 жобаны іске қосу жоспарлануда.Индустрияландыру жылдары өңдеуші өнеркәсіптің әр саласын дамытуда айтарлықтай өзгерістер болды", - деді министр.

Оның сөзінше, елімізде өндірілетін өнімдер импортталатын заттардан кем түспейді. 

"Мәселен, өнеркәсіпте шағын және орта бизнесті нақты ынталандыра отырып, сала іс жүзінде қайта жанданды. Қазіргі уақытта елімізде маталар, кілемдер, балалар және ересектер киімі, шұлық-ұйық өнімдері, аяқ киім, бас киімдер және тағы да басқа өнім өндіріледі. Бұл ретте импорттық өнімнің сапасы жағынан кем түспейді, кейде асып түседі. Салада 1 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Оларда 17900 адам еңбек етеді", - деді Бейбіт Аатамқұлов.

Сонымен қоса ол химия саласы да жетілдіріліп, жолға қойылғанын атап өтті.

"Сала кәсіпорындарын қалпына келтіру және жаңғырту, сондай-ақ Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды енгізу есебінен шығарылатын өнім ассортименті кеңейді. Бұрын өндірілмеген өнімдер - каустикалық сода, натрий гипохлориті, жуғыш заттар, лак-бояу материалдарының жаңа түрлері, жарылғыш заттар, агрохимия құралдары және тағы да басқалары шығарыла бастады", - деді ол.

Сонымен бірге министрдің сөзінше, «Қазфосфат» ЖШС мен «ҚазАзот» АҚ жаңғырту фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін 4 есеге, ал азотты тыңайтқыштар өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік берген.

"Нәтижесінде қазір фосфорлы тыңайтқыштарға деген қажеттілік ішкі нарықты толығымен, ал азотты тыңайтқыштарға деген қажеттілік нарықтың 50% жабады. Бүгінде калий тыңайтқыштарын өндіру бойынша үлкен перспективалар бар. Осы бағыт бойынша инвесторлар іздестірілуде", - деді министр.

Бұдан бөлек Бейбіт Атамқұлов өнеркәсіп үшін 2019 жыл табысты аяқталғанын атап өтіп, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 27,5% құрағанын, ал оның 11,4%-ы өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі екенін атап өтті. 

"2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өнеркәсіп салаларында қазір 22 мың кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыспен қамтылғандар саны 1 млн. астам адамды құрайды. 2010 жылдан бастап Елбасының бастамасымен елімізде индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы Индустрияландыру күнінде екінші бесжылдықтың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысы алдында қол жеткізілген нәтижелер баяндалды", - деді ол.

Оның сөзінше, қоғам тарапынан айтылған сындарға қарамастан, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы елімізде өңдеуші өнеркәсіптің негізін қалады. 

"Қоғам тарапынан сынға қарамастан, дәл осы бағдарлама Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға негіз қалағанын айту қажет. 5 жыл ішінде өңдеуші саланың жалпы қосылған құны 30,6 трлн. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 7,8 трлн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 87% артық. Соңғы 5 жылда өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің кіріс деңгейі орта есеппен 50% өсті. Өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары 45 трлн. теңгеге өнім өңдірді", - деді министр.

Оның айтуы бойынша, 2019 жылы өңдеуші өнеркәсіптің нақты көлем индексі 4,4% өскен. 

"Оң динамика биыл да сақталды. 4 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 107% құрады. Былтыр өңдеуші өнеркәсіптің машина жасау (20,9%), жеңіл өнеркәсіп өндірісі (13,5%), фармацевтикалық өнімдер (12,2%), сусындар (10,2%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (5,9%), металлургия өнеркәсібі (4,1%) сияқты салалары жоғары өсу қарқынын көрсетті", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қоса министр соңғы 5 жылда өңдеуші өнеркәсіпке 18,7 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. 

"Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп (13,9%), фармацевтика (24,2%), құрылыс материалдарын өндіру (15,6%), машина жасау (25,4%), мұнай өңдеу (1,5%) өсім көрсетті. 5 жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 18,7 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Саладағы еңбек өнімділігі 11,7% артты. Бағдарламаны іске асыру жылдары ішінде өңделген өнімнің экспорты 73,2 млрд. АҚШ долларын құрады", - деп түйіндеді министр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды