• Басты
  • Б.Ахметжанова: Қарт адамдарды қолдау тұжырымдамасы дайындалып жатыр
14 Қазан, 2019 17:11

Б.Ахметжанова: Қарт адамдарды қолдау тұжырымдамасы дайындалып жатыр

Қарттарға қамқорлық көрсету - еліміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Елбасы да, Президент те халыққа арналған Жолдауларында қарттарға баса назар аударып келеді. Осы бағытта еліміздегі және елордадағы қарттардың жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған іс-шаралар туралы «Ардагер» үкіметтік емес ұйымының президенті Баян Ахметжановамен сұхбаттасқан едік. Ол қарт адамдарды қолдау тұжырымдамасы дайындалып жатырғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Б.Ахметжанова: Қарт адамдарды қолдау тұжырымдамасы дайындалып жатыр

Ол жалпы ұйымның айналысатын жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

«Біздің бірлестікте қарт кісілерге бірқатар көмектер көрсетіледі. Мәселен, қарттар жиналып келіп дойбы, шахмат ойнайды. Күлкі, йога деген сабағымыз бар. Орталықта жиналып, бір-бірімен сұхбаттасып, көңіл көтеріп, әртүрлі пайдалы ақпараттармен бөліседі. Тек қана күлкі йога емес, жалпы йога, және сол сияқты түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасайды», - деді ол. 

Сондай-ақ, Баян Ахметжанованың айтуынша, орталықта әртүрлі бағыттағы семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. Кейбір семинар-тренингтер орталыққа келушілердің сұрауына байланысты қайталанып отырады. 

«Біз жиі семинар-тренингтер ұйымдасытырып тұрамыз. Мәселен, жақында қаржы туралы семинар өткіздік. Бюджетті қалай жұмсау керек, қалай жұмыс істеу керек деген секілді сұрақтарды қозғаймыз. Біраз ақпарат алды. Бұл тренинті толықтырып тағы да өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ,уақыттарын тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру мақсатында әйелдерге арналған тайм- менеджмент семинарын ұйымдастырамыз. Сонымен бірге, өздерін қалай дұрыс таныстырып, көрсету керек деген сарындағы тренинтер өткіземіз. Себебі, кей кездері оларды сұхбатқа, телеарналарға шақырып жатады. Сол үшін хабары болсын деген мақсатпен өткіземіз», - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол жыл сайын қарттар күні қарсаңында ұйымдастырылатын шараларға тоқталды. 

«Жақында Сарыарқа әкімшілігімен бірге қарттар күнін атап өттік. Біз үлкен кісілерге немерелерімен келуді тапсырғанбыз. Алайда, көпшілігі немерелерімен келе алмады, тек бір-екі үлкен кісі ғана алып келді. Олардың көбісі мектепте, әртүрлі үйірмелерде не спорткомплексте. Немерелерімен не үшін шақырдық? Телефондағы қарттарға қажетті әртүрлі бағдарламалармен қалай жұмыс істеу керегін түсіндірдік. Мәселен, қадамның санын есептеп беретін, қан қысымын өлшейтін, көңіл-күйді де өлшейтінін бағдарламалар бар. Қан қысымы туралы бағдарламаларды біле қоймайды екен. Сол жерде біз көрсетіп, телефондарына жүктеп, қалай қолдануға болатынын көрсетіп бердік. Сонымен қатар, Қарттар күні жақындаған кезде қарттардың өздері кештер ұймдастыра бастайды. Қазір корпоративка деп жүрміз ғой. Билейді, кездеседі, әңгімелеседі», - деді ол.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, Орта Азиядағы бірқатар елдердің үкіметтік емес ұйымдары жылына бір рет кездесіп, өз елдеріндегі қарттардың жағдайын жақсартуға жасалып жатқан шаралармен бөлісіп отырады.

«Бізде Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерімен бірігіп құрылған халықаралық желі жұмыс істейді. Міне, "Ардагер" бірлестігі осы желіні құрушылардың бірі. Аталған желінің бастықты мақсаты - желіге қатысушы елдердегі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстандағы егде жастағы адамдардың жағдайын жақсартудағы мемлекет пен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру. Қазір жылына бір рет кездесіп тұрамыз. Бір-біріміздің жасап жатқан жұмыстарымызбен танысып, пікір алмасамыз», - деді Баян Ахметжанова.

Сонымен қатар, Баян Ахметжанова еліміздегі қариялардың жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан шараларға тоқталды.

«Біз қазір үкіметтің тапсырысы бойынша қарт адамдарды қолдау концепциясын дайындап жатырмыз. Оған азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін дайын болуы қажет. Оның басты мақсаты - қарт кісілердің өмір сүру жағдайын жеңілдету, яғни, жеңілдету үшін қандай шараларға қолдануға болады, міне, осы міселелерді қарастырады. Әзірге нақты ұсыныстарымыз дайын болған жоқ, себебі біз әлі сарапшылардың ұсыныс-пікірлерін әлі жинап болған жоқпыз. Бірақ осы жылдың соңында концепцияны жасап, іске асыруға жағдай жасаймыз», - деді "Ардагер" ұйымының басшысы.

Сондай-ақ, оның сөзіне сүйенсек, көршілес ел Беларуссияда да қарттарға қатысты "Халықтың лайықты ұзақ өмір сүру стратегиясы" қабылданып жатыр. 

«Жақында Беларуссияның Минск қаласына конференцияға барып келдім. Беларусия халықтың лайықты ұзақ өмір сүру стратегиясы жасаған. Бұл стратегия егде жастағы адамдарға білім беру және олардың кәсіби қызметін жалғастыруға мүмкіндік жасау жөніндегі шараларды қамтиды. Сондай-ақ, ұлттық стратегия жобасында көрсетілген бағыттардың қатарына денсаулықты сақтау, қарт адамның қадір-қасиетін қорғау және жас бойынша кемсітушілікті жою кіреді. Бұдан бөлек, Беларусияда қарттар жоғары оқу орындарында ақылы түрде білім ала алады екен. Мамандық, факультеттері өздерінің таңдауына байланысты», - деп атап өтті ол.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды