• Басты
  • Азық-түліктің шекті бағаларын енгізіп жатырмыз – Б.Сұлтанов
16 Наурыз, 2020 18:21

Азық-түліктің шекті бағаларын енгізіп жатырмыз – Б.Сұлтанов

ҚР Орталық қызметінде өткен баспасөз конференциясында Елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Азық-түліктің шекті бағаларын енгізіп жатырмыз – Б.Сұлтанов
«Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін барлық шараларды қабылдауда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылатын болады. Төтенше жағдай режимінде барлық ел ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуіміз керек. Біз тамақ өнімдерінің бағаларын көтеруге, алып-сатарлыққа салынуға жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз, ол үшін барлық тетіктер бар. Азық-түліктің шекті бағаларын енгізіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - деді Б.Сұлтанов. 

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов айтып өткендей, жергілікті атқарушы органдар шекті бағаны көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқықтары бар.

«Азаматардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында сауда орталықтары мен нысандарының қызметтері шектелгені белгілі.Айтылғандай азық-түлік қамтамасыз ету бойынша шекаралар жабылмайды. Қазір оңтсүтіктен тауар әкелі науқаны, ол шектелмейді», - деді министр.

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов ірі сауда орталықтары да бірқатар талаптарды орындауы керегін айтты.

«Өз аймақтарына маскасыз келушілерді кіргізбеу не оларға өздері ұсынулары керек. Алдын алу шараларын қамтамасыз ету. Сауда орындарының уақыты қысқартылады. Алайда, олардың барлығы дезинфекциялық шараларды жүзеге асырулары тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов тамақтану орындары 20-00-ге дейін жұмыс істейтінін айтты.

«Мейрамханалар мен асханалар онлайн қызметті күшейте алатынын айтты. Бұл әрекет олардың кейінгі жұмыстарына да оң ықпал етуі мүмкін. Сұлулық салондары сағат сайын ғимаратты желдетіп, қажетті шараларды жүзеге асыру қажет», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды