• Басты
  • Азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіпті экспорттайтын 78 жаңа кәсіпорын салынады
23 Желтоқсан, 2019 14:22

Азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіпті экспорттайтын 78 жаңа кәсіпорын салынады

2025 жылға қарай азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіпті экспорттайтын 78 жаңа кәсіпорын салынбақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елордада өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіпті экспорттайтын 78 жаңа кәсіпорын салынады

Бақыт Сұлтанов отандық өнімдердің экспортын арттыру мақсатында "бір терезе" құрылғанын атап өтті.

"Экспорт саясатын күшейту, сондай-ақ даму құралдарын бір институтта шоғырландыру үшін "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы базасында экспорттаушылар үшін "бір терезе" құрылды. Сонымен қатар экспорттаушылар үшін ақпараттық материалдарды қамтитын жаңа форматтағы export.gov.kz электрондық порталы іске қосылды. Министрлік мемлекеттік қолдаудың жаңа шарасы – экспорттаушының акселерация тетігін енгізу бойынша жұмысты бастады. Сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуда шағын және орта бизнеске екпін жасалады. Экспорт акселерациясын енгізу және қабылдау нәтижесінде 2025 жылға  қарай елімізде жаңа нарықтарда өздерінің өнімдерін сенімді экспорттайтын азық-түлік және жеңіл өнеркәсібінің 78 жаңа кәсіпорындары пайда болады", - деді министр. 

Сонымен қатар оның сөзіне сүйенсек, 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты көлемі бойынша 41 млрд доллар мөлшеріндегі көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сауда ведомствосы алдына маңызды стратегиялық міндет қойды: 2025 жылға қарай – шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты көлемі бойынша 41 млрд долллар мөлшеріндегі көрсеткішке қол жеткізу.  Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында да, Қазақстан халқына жолдауында да сауданы кеңейтуге үлкен екпін жасалды. Еуропа, Швейцария мен АҚШ елдеріне Қазақстан 2 млрд доллардан астам жалпы сомасына 263 тауар позициясын ұсынуға әзір.  Біз Ресеймен саудада экспортты құны шамамен 250 млн. $ 87 тауар позициясына, Орталық Азия елдерімен 0,5 млрд долларға жуық 236 өңделген өнімге кеңейтуге дайынбыз", - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ ол қазір қазақстандық экспорттық жеткізілімді 3 млрд доллардан артық жалпы сомасына ұлғайтуға әзір екенін атап өтті. Сонымен бірге оның айтуынша, жүргізілген іс-шаралардың арқасында 300 млн доллардар астам сомаға 61 экспорттық келісімшарт жасалған. Ал Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) желісі бойынша 13 экспорттаушы 105,2 млрд теңге сомасына қолдау тапқан.  Сондай-ақ ол экспортты ілгерілету шегінде онлайн-сауданы дамыту - министрлік үшін басым міндет айтып өтті. 

"Wildberries платформасында экономиканың әртүрлі салаларының 16 компаниясы тіркелген және 590 қазақстандық тауар ұсынылды. Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында компаниялардың логистикалық орталықтарын салу мүмкіндігі туралы Wildberries-пен келіссөздер жүргізілуде. Олардың болуы көлік шығыстарын қысқартады және қазақстандық тауарды Ресейге, Белоруссияға, Қырғызстанға, Арменияға, Өзбекстанға, Еуразиялық Одаққа өткізу арналарын кеңейтеді. Халықаралық саудада тауардың техрегламенттерден бастап орамына дейін ауқымды талаптар қатарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты СІМ шетел нарықтарының техникалық реттеу жүйелері бойынша ақпарат жинақтауға жәрдемдесуде", - деді министр. 

Бұдан басқа министр экспорт үшін 5 негізгі мемлекетті атап өтті. 

"ҚХР, БАӘ, Түркия, Иран, Германия. Және де бұл өте маңызды өнім тізбесі, ол тамақ өнімі бойынша 167 позицияны және өнеркәсіп өнімі бойынша 67 позицияны қамтиды. Ол бойынша мемлекеттердің техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жүйелеріне шолулар, сондай-ақ осы нарықтарға шығу үшін өнімнің барлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету алгоритмдері дайындалған.  Мемлекет экспортқа шығатын кәсіпорындарға барынша қолдау көрсетеді. Экспорттаушыларға өңделген тауарлар шығысының бөлігі өтеледі. Мемлекет, сондай-ақ шетел нарықтарында тауар белгісін тіркеумен және техникалық регламенттерге сәйкестігі рәсімдерінен өтуге байланысты рәсімдерді өткізу шығыстарының бөлігін өтейді", - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар оның айтуынша, ҚР Президентінің сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мақсатында келесі жылы қазақстандық нарықты сапасыз және қауіпті өнімнен қорғау бойынша заң шығару бастамасы дайындалып жатыр.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды