- Басты
- Азық-түлік бойынша дүрлікпеге ешқандай себеп жоқ – Б. Сұлтанов
Азық-түлік бойынша дүрлікпеге ешқандай себеп жоқ – Б. Сұлтанов
13 Наурыз, 2020 12:14
Азық-түлік бойынша дүрлікпеге ешқандай себеп жоқ. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы қазіргі уақытта тұрақты деп айтуға болады. Жыл басынан бері екі айдың ішінде баға өсімі бар болғаны 0,06 пайызды құрады. Бұл 2015 жылдан бергі ең төменгі мәнді білдіреді. 25 ақпаннан 3 наурыз аралығында барлық әлеуметтік тауарлардың бағасы 0,01 пайызға төмендегінін байқадық. Жалпы, Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейі байқалады», - деді ол.
Министр импорттық жоғары үлесі байқалатын тауарлардың ішінде тауық еті мен қант екенін айтты.
«Алайда, бұл тауарлар көршілес Ресейде қайта өндіріліп шығарылады. Сондықтан да ішкі нарыққа жеткізу бойынша проблема жоқ. Ішкі нарықта ешқандай тапшылық жоқ. Әлеуметтік желіде таратылып жатқан суреттерге қатысты айтарым, дүрлікпеге ешқандай себеп жоқ»,- деді Б. Сұлтанов.
Сонымен қатар, министр елдің барлық аймақтары азық-түлікпен толық қамтамасыз етілетінін жеткізді.
"Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, барлық жүйелер мен қалаларды азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар да қабылданды. Жәрмеңкелер мен көшпелі сауда бойынша қосымша тетіктер пайдаланып жатыр", - деді ол.Сондай-ақ, министр коронавирусты болдырмау ұзақ шараларға жол ұласпайтынын айтты.
«Қазақстанда ұзақмерзімді карантиндер мен үйде отыру болмайды. Мектептегі оқушылардың ұзақмерзімді демалысқа шыққаны, әрине, азық-түліктің қосымша шығынына алып келуі мүмкін, алайда, халық тарапынан көп сұранысты қажет етеді деп ойламаймын. Жалпы, сауда саласына қатысты көрсеткіштерді бақылап отырмыз, бақылайтын боламыз да», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі

