- Басты
- Қазпошта Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды
Қазпошта Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды
«Қазпошта» АҚ Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды.Шараның арнайы қонағы Үндістан Республикасының Мемлекеттік Сыртқы істер министрі, Парламент істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Велламвелли Муралидхаран болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Монохромды маркада Махатма Гандидің суреті мен «Мен әрбір көзден жасты сүрткім келеді» деген әйгілі дәйексөзі жазылған. Марканың дизайнері І.Оңғарбай. Пошталық марка «ҚР Ұлттық банкі банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан шығарылды.
Осылайша, Қазақстан Махатма Гандидің дүниеге келгеніне 150 жыл толғанына орай естелік пошталық марка шығарған 100 елдің қатарына қосылды.
Осы орайда шараның арнайы қонағы Делиден келген Велламвелли Муралидхаран Үндістан мен Орталық Азия, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастығы туралы айтып өтті.
«Орталық Азия елдерін үрдіске тартқымыз келеді, себебі біз аймақтық тұрғыда ортасында орналасқанбыз. Біз барлық 5 елмен де келіссөздер жүргізіп келеміз. Оның ішінде Ауғанстан да бар. Біз бейбіт қарым-қатынас құрғымыз келеді. Үндістан жаһандық және екіжақты деңгейде де ынтымақтастық орнатуы керек. Astana club отырысына қатысуым да сол себепті болып отыр. Олар осы аймақ пен Орталық Азияға қатысты мәселелерді талқылайды. Қазақстан мен Үндістан осы орайда әртүрлі салада ынтымақтастық танытып жатыр. Ол - стратегиялық әріптестік, энергетика, IT-сала.Қазақстан ірі ел, ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», - деді ол.
Айта кетейік, 2018 жылдың 2 қазанында Үндістан Үкіметі Махатма Гандидің туғанына 150 жыл толуына орай бірқатар шараларды ұйымдастырған болатын. Ол шаралар 2020 жылдың 2 қазанына дейін жалғасатын болады.
Аягөз Құрмаш
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме
-
2,3 млн-нан астам азамат табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек
-
Абай күніне орай қандай іс-шаралар өтіп жатыр
-
2 млн 250 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
Абайдың 175 жылдығына орай монеталар шығарылды
-
2,1 млн қазақстандықтың шотына 42 500 теңге түсті
-
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды
-
Карантин: Тамызда 42 500 теңге қалай беріледі
-
42500 тг: 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың шотына түсті
-
Қазақстандықтар 42500 теңге біржолғы төлемін ала бастады
-
42500 теңге 880 мың адамға тағайындалды

