- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
Бүгін Есіл ауданының полиция бөлімінде «Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрландыру жобаларын іске асыру» тақырыбында брифинг өтті. Жиында қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет көші-қон саласындағы мемлекеттік қызмет, құжаттандыру жүйесі, сондай-ақ, заңсыз көші-қонды анықтау шаралары туралы баян етті. Оның дерегінше, жыл басынан бері қандастардың құжаттарын қабылдау мерзімі 2 есе қысқарған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Көші-қон саласындағы мемлекеттік қызмет
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта жүргізіліп жатырғанын айтып өтті. Оның дерегінше, ағымдағы жылдың 9 айында 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.
«2020 жылдан бастап шетелдіктерді тіркеу процесі оңтайландырылды. Бастысы шетелдіктерді қабылдайтын тарап ІІО дер уағында хабарлауы тиіс. Бұл жұмыс визалық көші-қон порталы арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі», - деді Арман Баймұхамет.
Халықты құжаттандыру жүйесі
Сондай-ақ, ол көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және оларды электронды форматқа көшіру мақсатында «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ресімдеу» қызметі қаланың халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілгенін атап өтті. Бұл ретте қазіргі таңда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жетілдіру шаралары жүргізілуде.
«Халықты құжаттандыру жүйесінің RCA кодына (Мекенжай тіркеу коды) көшуі «Электронды үй кітабын» құруға мүмкіндік берді. Ол арқылы мекен -жай бойынша қанша адам тіркелгенін көре аласыз. Бұл «резеңке пәтерлерді» анықтауға жол ашты», - деді Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы.
Сонымен қатар, ол пәтер иелері электронды үкімет порталында өз пәтерінде кім тіркелгенін тексере алатынын айтып өтті. Осы орайда, жеке басын куәландыратын құжаттарды беру тетігі де жетілдірілуде. Сондай-ақ, ол төлқұжатқа байлынысты өзгерістер енгізу жоспарда бар екенін жеткізді.
«Құжаттарды дайындау уақыты мүмкіндігінше қысқартылды (әдеттегідей - 20 жұмыс күні, жеделдетілген 1 және 3 жұмыс күні). 2023 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды алған немесе ауыстырған кезде саусақ ізін енгізу жоспарлануда», - деді ол.
Азаматтық алу жеңілдетілді
Басқарма басшысы көші-қон қызметі жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, маңызды бағыт - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген азаматтардың өтінішімен жұмыс істеу. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда тұрақты тұруға және азаматтық алуға өтініш берген қандастар үшін құжат тапсыру жеңілдетілгенін айтып өтті.
«Қазақстанда тұрақты тұруға және азаматтық алуға өтініш берген қандастар үшін құжат тапсыру жеңілдетілді. Бұл ретте олар үшін тұруға рұқсат алу кезеңі алынып тасталады», - деді Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы.
Оның мәлімдеуінше, жыл басынан бері қандастардың құжаттарын қабылдау мерзімі 2 есе қысқарған. Сондай-ақ, оңайлатылған тіркеу процедурасы арқылы 225 жуық қандас азаматтық алды.
«Заңды мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 45 адам Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, құжаттарды алды», - деді Арман Баймұхамет.
Заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
Осы орайда, ол Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы тиісті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонды анықтау мен жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатырғанын айтып өтті. Сонымен қатар,қабылданған шаралар нәтижесінде көші-қон заңнамасының 7 572 дерегі анықталған.
«189 шетел азаматы елден шығарылды. Заңды бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан 171 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтарды уақытында тіркеу шараларын қабылдамағаны үшін 710 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол.
Басқарма басшысының сөзінше, шетелдіктерді қабылдаушы тараптар үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктің келуі туралы хабарлауға міндетті. Сондай-ақ, ол шетелдiк немесе азаматтығы жоқтар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзса ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
«Құқық бұзушылық анықталған жағдайда, қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-ші бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Арман Баймұхамет.
Оның мәлімдеуінше, егер шетелдiктiң заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде елден шығуға жалтарса, Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
«Елге 30 күннен астам уақытқа келген шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат беріледі. Осы жылдың басынан бері 19 мыңнан астам азаматқа рұқсат берілді», - деп түйіндеді Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

