• Басты
  • Қазақ-өзбек келісімі: Халықаралық сауда-экономикалық орталық құрылмақ
12 Қыркүйек, 2019 10:24

Қазақ-өзбек келісімі: Халықаралық сауда-экономикалық орталық құрылмақ

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2019 жылғы қаңтар-шілде айларыннда 11,1% ұлғайған және 1,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал өткен, яғни 2018 жылдың нәтижелері бойынша екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 40,8%-ға өсіп, 2,8 миллиард АҚШ долларына жеткен. 2017 жылы бұл көрсеткіш - 2 миллиард АҚШ доллары болған еді.

Қазақ-өзбек келісімі: Халықаралық сауда-экономикалық орталық құрылмақ | Strategy2050.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаевтың қатысуымен Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесі өтіп, онда сауда-тарату орталықтары мен көтерме нарықтарды ашу, ҚР аумағында транзиттік тасымалдау үшін темір жол тарифтерін төмендету, екі елдің кәсіпкерлері арасында ынтымақтастықтың дамуына кедергі болатын мәселелер қаралды. Еліміздің делегациясында фармацевтикалық, тамақ, құрылыс, химиялық және машина жасау салаларының іскерлік тобы болды.

 

Вице-министр Қ.Қ. Төребаев Іскерлік кеңесіне қатысушылардың алдында баяндама жасады.

 

«Қазақ-өзбек сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы мен даму перспективасы жоғары деңгейде. Екі ел арасындағы өзара іс-қимылдар қарқынды дамудың сапалы жаңа сатысына көтерілді. Сауда ынтымақтастығы нығайып келеді. Осы жылы қаңтар-шілде айлары арасында таур айналымы 11,1% ұлғайып, 1,6 млрд. АҚШ долларын құраған. Өткен жылдың нәтижелеріне сәйкес, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 40,8% өсіп, 2,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Ал 2017 жылы - 2 миллиард АҚШ доллары болған еді», - деді Қ.Төребаев.


Сондай-ақ Ташкент қаласында «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жөнінде өткен жұмыс топтарының отырыстарына Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев тең төрағалық етті.


Бүгін Ташкент қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия» сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық орталығын құру және Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар айналымын өзара ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі жөнінде жұмыс топтарының отырыстарын Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев пен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Л.Ш. Кудратов бірлесіп төрағалық етті.


Жұмыс топтардың отырыстары барысында орталықтың болашақтағы орналасуы, техникалық реттеу, орталық арқылы өткізуі болжанып отырған тауарлар туралы мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, тараптар өзара тауар айналымын одан әрі ұлғайту және жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту, өңіраралық ынтымақтастықтыодан әрі дамыту, сондай-ақ көлік және кеден саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады.


Келіссөз барысында қазақстандық тарап тауар айналымын 2020 жылға қарай 5 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу туралы Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында сауда ынтымақтастығын кеңейтудің ықтимал жолдары жөнінде өзбекстандық тарапты хабардар етті.

 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі жеткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру, сонымен бірге үшінші елдердің нарығында тауарларды ілгерілету қажеттілігіне тоқталды.

 

ҚР сауда және интеграция Вице-министрдің баяндауы бойынша Қазақстан Өзбекстан Республикасына ауылшаруашылық өнімі, минералды азық-түлікпен өндірістік өнімдердің 70 тауар позициясы бойынша жеткізуді 209,0 миллион АҚШ доллары сомасына ұлғайтуға дайын екендігі туралы сөз етті. Екі тараптың пікірінше «Орталық Азия» сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы екі ел үшін өңіраралық маңызды.

 

Соғында Қазақстандық тарап елімізде бизнес жүргізудің шарттарымен, Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар мен жобалармен таныстырып, іскерлік кеңестің нәтижесі бойынша «Аралтұз» АҚ және «Диплома Финанс» өзбек компаниясы арасында 200 мың евро сомасына тұзды эскпорттау туралы келісімге келді.

 

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды