- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
Елордада 24 қараша күні қазақ тілінде дыбысталған «Энканто» анимациялық фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті. Бұл – «Өзіңнен баста» жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 38-өнімі. Енді қаңтардан бастап ел үкіметінің қолдауымен жыл сайын әлемдік деңгейдегі 15 фильм ана тіліне дыбысталып, көрерменге жол тартпақ. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

«Жақында «Дисней компаниясы» бізді құттықтады. Біздің мемелкеттік тіліміз әлемдік деңгейге жетті деп айтсақ болады. Мәселен, қазақ тілі Sony компаниясының 7-тілі атанды. Сондай-ақ, голливудтық «Дисней» компаниясының 39-ресми тілі болды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз блокбастерлерді қазақ тілінде көруге мүмкіндік алып отыр. Тұңғыш президентіміздің бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасының түлектері осындай жақсы іс атқарып отыр», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Ол «Нұр-Отан» партиясының сайлауалды бағдарламысында тіл, мәдениет, руханият, отбасы құндылықтарын дәріптеу секілді өзекті мәселелер қамтылғанын атап өтті. Осы орайда, оның мәліметінше, келесі жылдан бастап тиісті заң жобасы қабылданса, мемлекет тарапынан жыл сайын әлемдік деңгейдегі 15 фильм дыбысталмақ.
«Біздің мақсатымыз – қоғамға қазақ тілінде сапалы контент ұсыну. Осы жұмыс барысында 200-ден астам маман, оның ішінде шығармашылық, техникалық топ тәрбиеленіп, тәжірибеден өтті. Бүгінде 100 актер «Диснейдің» дубляжбен айналысатын актерлер қатарына енді. Жалпы айтқанда, біз қазақ тілінде сапалы дыбыстау жүргізуге жағдай жасадық. Қазір біздің ТВ каналдарымыз қазақ тілінде сапалы контент жасауға дайын», - деп толықтырды Бауыржан Байбек.
Ал, «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова ел тәуелсіздігінің қарсаңында Қазақстан үкіметінің қазақ тілді контентке баса назар аударып, жаңа жылдан бастап ана тілінде дыбыстау мәселесін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылатынына қауанышты екенін жеткізді.
«Еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мемлекет атынан ҚР үкіметі кинотеатрларда және қазақ тіліндегі контентке тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді өз мойнына алғаны, ал келесі жылдан бастап фильмдерді қазақ тіліне дубляждау мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылатыны бізді қуантады», - деп атап өтті кеңес төрайымы өз кезегінде.
Сонымен қоса, ол биыл құрылғанына 10 жыл болған «Болашақ» қоры мен «Өзіңнен баста» фильмдерді дубляждау жобасы осы он жылдықта әлемдік блокбастерлерді ана тілінде дыбыстап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа оларды өз тілінде мүмкіндік беріп, жағдай жасағаны - үлкен жетістік екенін тілге тиек етті.
«Бизнестің және демеушілік қолдаудың арқасында біз 10 жыл бойы Қазақстан азаматтары үшін кинотеатрларда қазақ тіліндегі киноға тең қолжетімділік жасап келеміз. Біз соңғы жылдары және осы күнге дейін жобаны балалар мен ересектерге арналған мемлекеттік тілде сапалы мультимедиялық контент құру жөніндегі ұлттық саясаттың бір бөлігіне айналдыру үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп толықтырды Динара Шәйжүнісова.
Ал, әнші, аталмыш мульфильмдегі Изабелла кейіпкерін дыбыстаушы Жарқынай Ханайым да жаһандық деңгейдегі фильмдерді өскелең ұрпақтың ана тілінде көруіне мүмкіндік жасалғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл мультфильмдердің балаларды тәрбилеуде маңыз зор.
«Мұндай әлемдік деңгейдегі жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Бұған дейін тек ән айтатын жіренде ғана қосылатынмын. Осылай толықтай бір кейіпкердің дауысы әрі ән айтқанын дыбыстау бірінше рет бұйырып тұр. Мұндай тәрбиелік маңызы зор, жастарға үлкенді құрметтеу, жақсының жеңіске жететініне, әлемде небір ғажап дүниелер барына сендіретін мұндай жобаның бір мүшесі болу - үлкен бақыт», - деді Жарқынай күліп.
Ол өзі дыбыстаған кейіпкер жастарды батырлыққа, қиын сәттерде тез әрі батыл шешім қабылдауға баулитынын тілге тиек етті.
«Мен дыбыстаған кейіпкердің аты - Изабелла. Ол – өте нәзік, сыпайы, бірақ кей сәттерде ұрысқақ, бірақ батыл боп көрінеді. Мінезі жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Осыны көрсету менен аса шеберлікті талап етті. Бұл кейіпкер менің табиғатыма жақын. Одан өзімді көргендей болдым. Ол қажет кезінде нәзік те, батыл да бола алады. Менің де бойымда осындай қасиет бар», - деді ол.
Айта өтейік, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша «Өзіңен баста» жобасы 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің халықаралық стримингтік платформаларда болуы, әлемдік киноиндустрия алпауыттарымен ынтымақтасу қазақ тілін халықаралық деңгейге шығарып, қазақ тілінің шетелде танылуына оң әсерін тигізіп келеді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталған жобаның арқасында 100-ден астам қазақстандық актер Disney компаниясының дауыстар базасына кірді. Ал қазақ тілі Шығыс Еуропа және ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-де көруге қол жетімді голливудтық фильмдердің негізгі 7 тілінің бірі болды. Қазақ тіліндегі әсем саундтректер Itunes-те, Youtube-та, vk-да, Yandex-те, Apple Music-те және Воом-да жарияланды. Дубляж саласының 203 шығармашылық және техникалық маманы әлемдік студиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Айта өтейік, «Энканто» жаңа музыкалық фэнтези фильмі – талантты режиссёрлер Байрон Говард пен Джаред Буш түсірген Disney студиясының 60-фильмі. «Аңдар шаһары», «Вольт», «Мұзды өлке 2» және т.б. сияқты әйгілі анимациялық фильмдер де оларды ң қол астынан шыққан. Фильм саундтректерін көрермендердің көкейінен шыққан «Моана» және «Коконың құпиясы» фильмдерінің керемет әндердің авторлары жазған.

-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты

