• Басты
  • Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп
10 Қараша, 2020 13:43

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп

Бүгін ҚР Пезиденті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы университеттерге берілген гранттар мен лицензиялар, оқытушылардың жалақысы мен студенттердің жұмыспен қамтамасыз етілуі туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Қазақстанның  жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп

Қазіргі таңда Қазақстанда 128 жоғары оқу орны бар. 56 университеттің мемлекеттік деген статусы бар, 72-сі жеке меншік. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовтың айтуынша, жоғары білім сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту маңызды.

 2018 жылы ЖОО-ның академиялық және басқарушылық еркіндігін кеңейтетін заң қабылданған сәттен бастап іс-қимыл еркіндігінің 85%-ына қолжеткізілді. Университеттер өз бетінше 9999 білім беру бағдарламасын әзірледі. Олар білім және ғылым министрлігінің тізілімінде тіркелді. Осы заңды қабылдау нәтижесінде заңға тәуелді нормативтік актілер деңгейінде бірқатар жүйелі өзгерістер қабылданғанына және ЖОО-лардың ұсынылатын білім сапасы үшін жауап беру мүмкіндігі болуы үшін ЖОО-лардың академиялық еркіндігі кеңейтілгеніне назар аударғым келеді. Бұдан басқа, 2021 жылдан бастап ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдар табыстайтын болады, бұл да олар ұсынатын сапа үшін жауапкершілікті арттырады. Бұған қоса, заңның әлеуеті әлі де таусылмағанын айтқым келеді. Осы жылдың тамыз айында Білім министрі Жоғары білім беруді дамытудың дағдарысқа қарсы жоспарын жариялады, - деді М. Дәуленов.

 Дағдарысқа қарсы жоспар бойынша, жекелеген бағыттар бойынша ғылыми дәрежелілікке, штатқа және базалық білімге байланысты талаптардың күшін жою қарастырылған. Университеттерде білім сапасын жақсарту үшін практикалық қызметкерлерді көбірек тарту қажеттілігі ескеріледі. Сонымен қатар, министрлік оқу құны мен грант құнының арақатынасы туралы талаптарды жойған. Биылғы жылы гранттың құны өсті. Кейбір жағдайларда ол 1 млн теңгеге дейін өскені байқалды.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының оқытушыларының қажетсіз жұмыстарға тарту қысқарыпты. Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған сынақ кітапшалары алынып тасталды. Оқытушының жұмыс уақытын есепке алу тізімдемесі жойылды. Енді барлық деректер электрондық форматта жүргізіледі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының айлығы 160 мың теңгеден 210 мың теңгеге, ұлттық университет оқытушыларының айлығы 280 мың теңгеге дейін көтерілді.

Биыл 36 оқу орнына грант орналастыруға тыйым салынды. Оның негізгі себебі жұмыспен қамту көрсеткішінің төмендігі, құжатттағы мәліметтердің сәйкессіздігі, білім беру сапасының жеткіліксізді. Нәтижесінде 53 мыңнан астам грант ҰБТ негізінде тағайындалды, - деді Дәуленов.

Айта кету керек, университеттерге грантты бөлу турала шешім шығаруға қоғамдық ұйым өкілдері, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері қатысады. Оларды біріктіретін арнайы комиссия бар.

 Қазақстандық жоғары оқу орындарын саралау төрт санат бойынша жүргізіледі. Бұл халықаралық тәжірибе. Төрт санатқа халықаралық, ұлттық, аймақтық немесе салалық дәреже жатады.

Дәуленовтің айтуынша, Жоғары оқу орындарын саралау негізінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, елдің, өңірдің, нақты саланың дамуына қосқан үлесі болмақ.

Академиялық еркіндікті кеңейту білім беру сапасын арттыру құралдарының бірі болып табылады деп есептейміз. Бұған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі өзгертілген мемлекеттік жалпы білім беру стандарты ықпал етуі тиіс. Енді дипломдық жобаларды жазуға және дайындауға практика жетекшілері ретінде тартылуы мүмкін, бұл жоғары оқу орындарындағы өндіріс пен теориялық оқуды байланыстыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Қазіргі кезде 25 оқу орны коммерциялық емес қоғамдық ұйым ретінде трансформацияланды. БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет айтуынша, ЖОО-дың барлығында директорлар кеңестері құрылды.

 Директорлар кеңестерінің құрамына мемлекеттік мүлік, «Атамекен» палатасының, Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері кірді. Жалпы, осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Жаңадан құрылған қоғамдардың басқарма төрағалары ректорлар лауазымына іріктеу ашық жүргізіледі. Нақты қойылған талаптарға сай келетін адамдар конкурсқа қатыса алады», - деді Әділет Тойбаев.

 ЖОО профилизациясы аясында 5 университет жабылды, сондай-ақ министрлік 2 ЖОО-ны бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Жабылған білім ордаларының студенттерін басқа ЖОО ауыстыру мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылады.

Биыл алғаш рет мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 36 жоғары оқу орны жіберілген жоқ. Оның негізгі себептері жоғары оқу орындары ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі, білім сапасының қанағаттанарлықсыздығы, жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігі болды. Қосымша критерий ретінде «Атамекен» ҰКП рейтингі ескерілді. Ол мемлекеттік тапсырысты орналастыруды құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және «Атамекен» ҰКП мүшелері кіретін республикалық комиссия жүргізетінін еске салды.

 Нәтижесінде, ҰБТ өткізу негізінде білім алушыларға 53 мыңнан астам грант берілді.

 Ал Қазақстанның білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік тапсырыс құны артты. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында ол 342 мыңнан 955 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 635 мыңнан 1 082 600 теңгеге дейін өсті. Докторантурада мемлекеттік тапсырыс құны 1 307 000 теңгеден 1 900 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Барлық жаңалықтар
66.249.66.156, 192.168.88.100