• Басты
  • Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр – Қ.Тоқаев
8 Қазан, 2019 09:05

Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның Вице-президенті Илияна Йотованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр – Қ.Тоқаев | Strategy2050.kz

Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде Болгария Президенті Румен Радевтың Нұр-Сұлтанға келер жылғы сапарын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Болгария арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі кеңейте беруге ниетті екенін білдірді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Болгарияға сауда-экономикалық әріптестік тұрғысынан да, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл бағыты бойынша да қызығушылық танытады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына халқымыздың ажырамас бөлігіне айналған болгар диаспорасының қосатын үлесі зор.

« Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр. Біз болгар халқына үлкен құрметпен қараймыз, Болгариямен арадағы ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз, екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты дамуда»,– деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан көшбасшысы қазіргі уақытта Болгариямен өзара іс-қимылдарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге қолайлы жағдай қалыптасқанын атап өтті. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін беретін перспективалы бағыттарды әзірлеу үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Болгарияның Вице-президенті мемлекеттер арасындағы, оның ішінде Еуропалық Одақ бойынша да ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін білдірді. 

Илияна Йотованың сөзінше, бүгінде Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында айтылған ауқымды реформаларды жүзеге асыру жағынан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ойынша, аталған бағдарламаны іске асыру халықтың әл-ауқатын артыруға, Үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қалыптастыруға зор ықпал етеді. Болгарлық саясаткер Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы идеясына қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Илиана Йотова этносаралық келісімнің қазақстандық модельін жоғары бағалап, болгар диаспорасы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Болгарияның Вице-президенті Павлодар облысына барып, онда жергілікті болгар этносы өкілдерімен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды