• Басты
  • Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады
9 Қазан, 2019 16:07

Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады

  2019 жылдың 11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласының «Көрме» орталығында әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер жиналатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Көрме-байқаудың ұйымдастырушысы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында құзыретті өкілдер көрменің маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 

Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады | Strategy2050.kz

Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова айтып өткендей, әр өңірден   9 номинация бойынша 153 кәсіпорын шыққан.

 «Байқаудың басты мақсаты – көрме өткізу емес, өңірде өз өнімін шығаратын кәсіпорынның ірі алаңда тауарының шынында да үздік екеніне көз жеткізу. Сондай-ақ, тауарды жөнелту байланысын орнату. Байқаудың маңыздылығы – финалға шыққан кәсіпорынды өзгелер де тану үшін ҚХР, Араб әмірліктері мен Ресейден желілерді шақырдық. Олар көрмеге қатысатын кәсіпорындармен тікелей келісімшарт жасай алады», - деді ол.

сала.jpg

Сондай-ақ, ол айтып өткендей, екі күн көрме аясында қызметкерлерге шеберлік сыныптары өткізіледі.

«Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру елдің алға қойған мақсаттарының бірі. Қазақстандық тауар мен қызметтер ел сыртында да танымал болуы керек. Біздің халық саны көп емес, 18 млн ғана адам. Шығын мен ірі көлемдерді жүзеге асыруды арттыру үшін экспорт қажет. Көрме кәсіпорындарға өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік болып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, байқауға қатысып жатқан кәсіпорындардың өкілдері де өздерінің жолдары мен кәсіпорындары туралы айтып берді.

 «ALAY TM» ЖШС директоры Айнур Джунербаева көрмеге қатысу кәсіпорын үшін өте маңызды екенін айтты.

гулн.jpg

 «Қазір шетелдік серіктестіктерді іздеп жатырмыз. Өңірлерден де, Ресей мен Қытайдан да серіктестер тапқымыз келеді. Бұл тек біздің компаниямызға ғана қатысты емес, өзге компаниялардың да қалауы осындай деп ойлаймыз. Біздің өнім органикалық, экологиялық таза өнім болып табылады. Ол әлемдік нарыққа шыға алады деп ойлаймын. Тек біздің компания ғана емес, жалпы қазақстандық өнімдер әлемдік нарықта үздік позицияда болатынына сенімдімін», - деді ол.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Әлеуметтік бастамалар департаментінің Басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова аталған байқаулардың басты мақсаты кәсіпорындар арасында өзара тәжірибе алмасу екенін де атап өтті.

 «Байқау бір жылға созылады. Біз 11-12 қазанда көретініміз байқаудың қорытындысы. Шын мәнінде, кәсіпорындар өңірлерде өздерінің үздік екенін дәлелдейді, кейін республикалықта онлайн дауыс беру арқылы жеңіске жетуі керек. Осыған дейін байқауда жеңіске жеткен кәсіпорындарды қадағалап тұрамыз. Әр жеңімпаз компанияның байқаудан кейін тасы өрге домалады», - деді ол.

Осы жылы көрмеге 153 отандық кәсіпорын өз өнімдерін келесі аталымдар бойынша халық назарына ұсынбақ:

- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

- «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;

- «Үздік азық-түлік тауарлары». 

 Көрме-байқаумен қоса «Атамекен» ҰКП Азия Даму Банкі, Қазақстан қолөнершілер одағы және Ұлттық курорттық қауымдастықпен бірлесе отырып «Ұлы дала елі» форумын өткізеді. Бұл жерде отандық қолөнершілер, халықаралық спикерлер, шетелдік елшіліктер, сауда-өнеркәсіп палаталары мен отандық және шетелдік сауда желілері, өнім дистрибьюторлары жиналады.

 Форум аясында екі көрме өтетін болады. Біріншісі – 70-ке жуық қолөнер шеберлерінің өнімдері ұсынылатын Дәстүрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі. Олардың арасындағы ең танымал шеберлер қолөнердің әр түрлі бағдары бойынша көрмеге келушілерге арнап тегін шеберлік сағаттарын өткізеді.

Ал екіншісі – Сауықтыру және медициналық туризм көрмесі. Басты мақсат – келушілерге Қазақстандағы сауықтыру және медициналық туризмнің барлық мүмкіндіктерімен таныстыру. Барлық отандық санаторийлер мен балшықпен емдеу орындары, минералды көздердегі пансионаттар мен демалыс орындары, минералды және асханалық суды өндірушілер, SPA, үздік медициналық және оңалту орталықтары келушілерге өз өнімдері мен қызметтерін таныстырады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары тауар өндірушілермен танысып және өндірушілердің өздері ұсынған бағада тауарларды төмен бағамен сатып ала алады. Көрмеде нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, текстиль және киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және т. б. қазақстандық тауарлар ұсынылатын болады.

   Аягөз Құрмаш 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды