• Басты
  • Қазақстанның сыртқы саясатындағы ресейлік бағыт - басым бағыт - М. Тілеуберді
9 Қазан, 2019 14:37

Қазақстанның сыртқы саясатындағы ресейлік бағыт - басым бағыт - М. Тілеуберді

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келіп, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Ол Қазақстанның сыртқы саясатындағы Ресейдің рөліне тоқталып, еліміздің сыртқы саясатындағы ресейлік бағыт- басым бағыт екенін айтты.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы ресейлік бағыт - басым бағыт - М. Тілеуберді | Strategy2050.kz

"Сыртқы істер министрлігінің  басшысы ретінде Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтып, кеңейту мақсатында сіздермен ынтымақтастықта жұмысты жалғастыруға ниет білдіргім келеді. Сондай-ақ,  Қазақстанның сыртқы саясатындағы ресейлік бағыттың басым бағыт екенін атап өткім келеді», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Бұдан бөлек, сыртқы істер министрі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейіне тоқталды.

«Мен Қазақстан мен Ресей арасында шешімін таппаған мәселелердің жоқ екендігін айтқым келеді. Барлық мәселе шешілді. Себебі,  біз қос тараптың бастамаларын ескере отырып,  шешуді талап еткен мәселелерді қарастырып, сараптап, шешімін шығардық», - деді ол.

Сонымен қатар, айта кетейік, Сергей Лавров осы сапары кезінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарлануда.

   Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды