- Басты
- Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері өз әлеуетін арттыруда
Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері өз әлеуетін арттыруда
РХБҚ әскерлерінің қару-жарақ құрамына Орталық Азияда баламасы жоқ отандық өндірістің РАСТ-2KZ жаңа есептеу-талдау станциялары келіп түсті.
Аталған РАСТ-2KZ есептеу мен талдау станциясы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайда жинауды, талдауды және болжауды жүзеге асырады. Станция спутниктік байланыстың көмегімен автоматты режимде деректерді жедел өңдеп, орталыққа жібере алады.
2020 жылы РХБҚ әскерлері үшін басты сынақ коронавирустан туындаған пандемия болды. Ел үшін қиын кезеңде әскери қызметшілер азаматтық тұрғындарға көмекке келді.
Инфекциямен күресу үшін РХБҚ әскерлері бөлімшелерінің үш мыңнан астам әскери қызметшісі және 95-тен астам арнайы техникасы жұмылдырылды. Әлеуметтік маңызы бар объектілердің өңделген ауданы 60 млн.шаршы метрден, жолдар 4 мың шақырымнан асады.
Химиялық қорғаныс әскери қызметшілері қос мақсаттағы мамандар болып табылады. Бұл бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да мәселелерді шеше алатын мамандар. Пандемия кезінде әскерлер өздерінің кәсібилігі мен жоғары шеберлігін көрсетті. Олардың қару-жарақтары елді мекендер мен жабдықтарды, сондай-ақ әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.
Пандемиямен күрес тәжірибесі РХБҚ әскерлерінің қажеттілігін көрсетті, олардың маңыздылығын Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы атап өтті.
Бүгінде Қарулы Күштерде РХБҚ әскерлерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. 2020 жылдың сәуір айында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің департаменті құрылды, бұл РХБҚ әскерлерін басқарудың сапасы мен жеделдігін едәуір арттыруға, арнайы дайындық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді
Химиялық қорғау әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің бейбіт уақытта олардың міндетін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін ұлғайту үшін олардың құрылымы мен құрамы қайта қаралды.Өңірлік қолбасшылықтардың құрамына арнайы міндеттерді орындайтын жеке батальондар кіреді. Бұдан басқа, құрамалар мен әскери бөлімдерде РХБҚ роталар мен взводтар бар.
Алдағы уақытта РХБ қорғау жүйесін одан әрі дамытуға және туындаған қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюға күштер мен құралдарды әзірлікте ұстауға бағытталатын болады. Қарулы Күштерді РХБ қорғанысын қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыру мен кәсіби мамандармен жасақтау жалғастырылуда.




-
Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда
-
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
-
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді
-
Бала құқығын қорғау бойынша заңнамаға енген өзгерістер қандай
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды
-
ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал

