- Басты
- Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау – Қ.Тоқаев
Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау – Қ.Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alem» бағдарламалау мектебіне, Халықаралық «Astana hub» IT-стартаптар технопаркіне және «Astana IT University» ақпараттық технологиялар университетіне барды. Бұл нысандардың бәрі «Астана ЭКСПО-2017» аумағында орналасқан.
Қазақстан Президенті «Alem» мектебінің оқыту бағдарламасымен танысты. Оқушылармен әңгімелесу барысында ол әлемде IT саласының өзектілігі мен сұранысқа ие екенін атап өтті.
«Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау. Ең бастысы, заман ағымымен жүріп отыруымыз керек, әйтпесе біз әлемдік даму үдерісінен сырт қаламыз. Біз жастарды осындай дағдыларға баулып, аталған салаға көптеп тартуымыз керек. Білім алуға ұмтылатын өте қабілетті жастарымыз жеткілікті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқушылар Мемлекет басшысына лекцияларды, баға қою әдісін және басқа да дәстүрлі білім беру элементтерін мұғалімсіз бағдарламалауды қалай үйрену керектігін айтты.
Содан кейін Мемлекет басшысы Халықаралық «Astana hub» IT-стартаптар технопаркіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа технопарк базасында жүзеге асырылып жатқан матчмейкингке арналған киберспорт платформасы мен автоматтандырылған «INUI Software» сауда алаңы, «Tastamat» мобильді постаматтары, «Clockster» деп аталатын қызметкерлердің жұмысқа келіп-кетуін тіркейтін биометриялық жүйе және басқа да стартап-жобалар таныстырылды.
«Astana IT University» ақпараттық технологиялар университетінде Мемлекет басшысына жоғары оқу орнының негізгі бағыттары туралы мәлімет беріліп, оқу кабинеттері мен зертханалары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерді сапалы білім алып, еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге шақырды.
«Университет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған. Білім беру тұрғысынан бұл университет беделді әрі білікті мамандар даярлайтын, беделді оқу орнына айналатынына ешқандай күмәнім жоқ. Неғұрлым жақсы білім алсаңыздар, мына қиын да алмағайып өмірден алар еншілеріңіз соғұрлым көп болады», – деді Президент.
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Сайлау тәуелсіз Қазақстанның демократиялы ел екенін айқындайды
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
«Ерікті болу – ерлік»: Бүгіннің батыр қыздары
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті

