- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы шекарасы аумағындағы кеден бекеттеріне қатысты өзгерістер туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды. Есесіне, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының штаттық кестесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 бұйрығына сәйкес мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлады:
1) Алматы қаласы бойынша МКД:
- «Алмалы - КРО» кеден бекеті қысқартылды;
2) Ақмола облысы бойынша МКД:
- «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;
3) Атырау облысы бойынша МКД:
- «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;
4) Маңғыстау облысы бойынша МКД:
- «Қара шекпен» кеден бекеті қысқартылды;
- «Морпорт» к/б «Құрық» бақылау-өткізу пункті қысқартылды;
- «Морпорт» к/б «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;
- «Құрық» кеден бекеті құрылды;
5) Түркістан облысы бойынша МКД:
- «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.
Сонымен 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.
Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы.
16 қаңтардан бастап кеден заңнамасына жүк көлік құралының жүру бағыты бойынша өзгеріс енгізіліп, күшіне енді. Бұдан былай көліктің нақты орналасқан жерін нақты уақыт режимінде мемлекеттік кірістер органдарының анықтауына мүмкіндік берілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы №407-VI Заңы қабылданды.
Енді спутниктік навигацияны қолдану арқылы көлік құралын электронды кедендік сүйемелдеуді қолдану мүмкіндігін енгізу, бұл нақты уақыт режимінде көлік құралының бағыты бойынша нақты орналасқан жерін анықтауға болады.
Кеден қызметі электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты және тасымалдаушыны хабардар етуі де көзделген.
Электронды кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады.
Мұндай оператор Қазақстан Республикасында анықталып қойған.
Бұдан бұрын «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгенін атап өту қажет. Онда «халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы» ұғымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі құзыреті көзделген. Бұл ретте осы түзетулер шеңберінде аталған оператор навигациялық пломбаларды жалға беру бойынша қызметті көрсетеді. Навигациялық пломбалар көлік құралдарына ілінеді және олардың көмегімен көлік құралының орын ауыстыруын қадағалау жүзеге асырылады.
«Қазіргі уақытта көлік құралдарын электронды кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібінің жобасы әзірленді, онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған», - дед ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді