• Басты
  • Қазақстанның инновациялық стартаптарды дамытудағы әлеуеті өте жоғары – Джейсон Ли
19 Қыркүйек, 2019 16:55

Қазақстанның инновациялық стартаптарды дамытудағы әлеуеті өте жоғары – Джейсон Ли

PATA Travel Mart 2019 көрмесіне келген ең басты спикерлердің бірі Talant Basket Сямынь (Қытай) және Сан-Франциско (АҚШ) бойынша бөлімінің жетекшісі Джейсон Лин онлайн-стартаптардың құрылуы мен жобаны халықаралық деңгейге шығару бойынша өз тәжірибесі туралы Strategy2050.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында бөлісті.
Қазақстанның инновациялық стартаптарды дамытудағы әлеуеті өте жоғары – Джейсон Ли | Strategy2050.kz

-         Лин мырза, бұл сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз, елден қандай әсер алдыңыз?

-         Мен өзім бірнеше мәдениеттің басын қосамын. Отбасым Тайваньннан болады. Бірақ, Америка азаматымын. Тайбэй мен Қытайда жиі болып тұрамын. Әлем бойынша жиі саяхаттаймын. Жаңа жерлерді тамашалап, адамдармен танысуға әркез қуаныштымын. Бұл сапарға келетін болсам, Орталық Азияға жасаған алғашқы сапарым. Бүгінгі күнге дейін көрген жерлерім таң қалдырды. Қазақстандықтардың интеллектуалды дамуы да көңілімнен шығып жатыр. Халықтың достастық қарым-қатынасы мен қонақжайлығы жақсы әсер қалдырды. Келгеніме екі күн ғана болды. Сондықтан да, Нұр-Сұлтан қаласымен толық танысып үлгермедім. Бүгін қаланы аралап, елмен толығырақ танысуды міндет етіп отырмын.

-         Өзіңіздің онлайн-стартаптарыңыз жайында айтып берсеңіз...

-         Talant Basket компаниясын басқарамын. Ол экожүйені құруға бағытталған. Туризм саласындағы кәсіби мамандарды ілгерілендіріп, мансаптық жолмен көтерілуге мүмкіндік береді. Біз кадрлық мәселелерді жетілдіретін технологияларды жасақтаумен айналысамыз. Әсіресе, туристік саланы дамытып жатқан мамандарды қамтимыз. Біздің ең басты өнім – жаңа мамандардың тәжірибеде өздерін сынауын қамтамасыз ететін тетіктер. Біз оларды жобалар негізінде оқытамыз. Осылайша, олар шынайы жобаларда өздерінің теориялық білімдерін қолдана алады. Қызметіміздің екінші бағыты персоналды басқару мәселесіне қатысты. Басқарушыларға жәрдемдесу. Тренингтер өткізу, кәсіби дамудың тетіктерін меңгеруді арттырамыз. Сондай-ақ, кәсіби дайындық деңгейін арттыратын тетіктерді жүзеге асырамыз. Үшіншіден, несиелік ұпайлар жүйесін құру. Бұл бағыт болашақта дами түседі деген ойдамын. Бұл жүйе арқылы несие алған адамға белгілі бір ұпайлар қосылады. Кейін, жобаларды жүзеге асыру кезінде бұл ұпайлар өз жәрдемін көрсетеді. Бұл жүйе банк несиелері арқылы кәсіби біліктілікті арттыруға алып келеді.

-         «Силикон алқабындағы» жұмыс тәжірибесімен бөліссеңіз. Қазақстандықтар алқаптан бизнес бастағылары келсе, не істеуі керек?

-Мен «Силикон алқабына» Бостонда өз кәсібімді ашқан соң бір жылдан кейін, яғни 2009 жылы келдім. Бұл кәсібім, өкінішке қарай, сәтсіздікке ұшырады. Менің ойыма басқа жерге көшу идеясы келді. «Силикон алқабы» менің арманым болды, себебі, ол – инновациялық жаңалықтардың орталығы. «Силикон алқабында» мені таң қалдырған дүние, ол - адамдардың ашықтығы. Әртүрлі елден жас, талантты мамандардың жиналған ошағы. «Силикон алқабы» - технологиялық компанияларды ашуға арналған орын. Бұл жаңашылдық пен жауапкершіліктен қорықпайтын тың идеялы мамандарға арналған ашық алаң. Мен Бостоннан келсем де, «Силикон алқабы» маған тың болып көрінді. Себебі, Бостон - ғылыми зерттеулерге мамандандырылған қала. Мәселен, Азияда академиялық ғылымға көп көңіл бөлінеді. Бостон мен «Силиконды алқапты» салыстыратын болсақ, алқапта жұмыс істейтін адамдар өздерін өте еркін сезінеді. Бұл алқап бизнесті жүргізуге басқа көзқарас сыйлады. Жалпы, «Силиконды алқапта» жұмыс істейтін адамдар өздерінің тәжірибелерімен әркез бөлісуге дайын. Сондай-ақ, алқаптың ерекшелігі – қаржы көздерінің көптігінде.Сараптайтын болсақ, соңғы 10 жылдағы технологиялардың дамуы күрделі өзгеріске ұшырады. Сондай-ақ, әлем бойынша «Силиконды алқаптың» моделін көшірген бірқатар дамыған елдер бар. Алайда, меніңше, «Силиконды алқап» инновацияларды дамытуға арналған символдық орын. Қазақстанға келетін болсақ, елдің инновациялық стартаптарды дамытудың әлеуеті өте жоғары. Себебі, мен инфрақұрылымдық жобалардың дамуына куә болдым. Қазақстан бұл орайда Орталық Азия бойынша даму флагманы болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан ғылыми зерттеу базасымен танымал. Мұнда білікті математиктер мен инженерлер баршылық. Олар білімге құштар, мақсатты жалынды жастар. Бұл республиканың ең үлкен басымдығы. Енді инновация мәдениетін дамыту керек. Күні кеше студенттермен араласып, университетте көп уақытымды өткіздім. Олар өз идеяларымен бөлісті. Тың, жаңа идеялары көп жастар көп екен. Оларға ресурстарға жол ашу керек сияқты. Себебі, олар қосымша оқыту мен тренингтерге мұқтаж болуы мүмкін. Қазақстанда интернет компанияны жасақтау олар үшін өз кәсіптерін ашуға тамаша үлгі болар еді.

-Стартап жобаны халықаралық деңгейге шығару үшін не істеу керек?

-Сұрақ өте орынды. Соңғы жылдары «Leenks startup» аясында инновациялық әдістер жасақталды. Мен басқаратын компания да ілгерілендіру бойынша өзінің тетіктеріне ие.Мен айтқан әдіс 7 жыл бұрын пайда болды. Жалпы, интернет технологиялар туралы айтатын болсақ, бұл үрдіс бұрын басталды. Соңғы жылдары «бұлтты технологиялар» мен коммуникациялық әзірлемелердің дамуына орай, жедел түрде бағдарламалық шешімдерді қабылдау мүмкіндігі туды. Стартаптардың жұмысы бірталай артты. Нарықта өзіңді таныстыру үшін, өзіңіз шешетін мәселені нақты анықтап алу керек. Оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру керек. Тұтынушыға бірегей таргеттік қызмет көрсету үшін өз алдыңа қойған мәселені мақсатты түрде шешу керек. Мен статистикаға көз жүгірттім, Орта Азия елдерінде 72 млн адам өмір сүреді. Бұл өте жақсы нарық. Егер де, стартап компания әлеуетті тұтынушысының проблемасын шеше алса жақсы болатын еді. Екіншіден, шешімнің қаншалықты сәтті болатынын жоспарлап алу керек. Осы сұрақтарға жауап алынатын болса, жобаның қаншалықты тиімді екені анықталады. Сондай-ақ, өнімнің нарықта қаншалықты қолданылатынын анықтап, сұранысқа ие болуын анықтап алу керек. Орталық Азиядан тыс елдерде де стартап дамытуды қолға алу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі, жобаның сәттілігі географиялық орынға тәуелді болмауы керек.Сол кезде ғана жобаның халықаралық нарықта дамуы әбден мүмкін. Жобаны ілгерілендіру үшін белгілі бір нарықты зерттеп, нарықтан нарыққа, елден елге   көшуді жүзеге асыру қажет. Біз қазір туризмді дамыту форумына қатысып жатырмыз. Осындағы мамандар онлайн бизнесті шетелдік мамандарды тарту арқылы дамытқысы келетіндерін айтты. Меніңше, осы форум сынды шаралар ел мен осындағы жобаларды ілгерілендіруге тамаша мүмкіндік деп ойлаймын.

-Сұхбатыңызға рақмет!

Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды