• Басты
  • Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды
11 Қараша, 2020 16:29

Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды

Бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XV съезінде партия атауының өзгергені хабарланды. Бұдан былай аталмыш партия «Қазақстанның халық партиясы» деп аталмақ, деп хабарлады Қазақпарат.

Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды

«Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі. Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты. Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз», - деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

Айта кетейік, елордада Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр.

Барлық жаңалықтар
// (function(m,e,t,r,i,k,a){m[i]=m[i]||function(){(m[i].a=m[i].a||[]).push(arguments)};m[i].l=1*new Date();k=e.createElement(t),a=e.getElementsByTagName(t)[0],k.async=1,k.src=r,a.parentNode.insertBefore(k,a)})(window, document, "script", "https://mc.yandex.ru/metrika/tag.js", "ym");ym(34776295, "init", {clickmap:true,trackLinks:true,accurateTrackBounce:true,webvisor:true,trackHash:true});//
5.255.231.137, 192.168.88.100