• Басты
  • Қазақстанның автомобиль жолдары саласында ТЖ кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды
2 Сәуір, 2020 10:53

Қазақстанның автомобиль жолдары саласында ТЖ кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды

Төтенше жағдай кезінде шарттық міндеттемелерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін жол компанияларына айыппұл санкциялары қолданылмайды, деп хабарлады Strategy2050.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанның автомобиль жолдары саласында ТЖ кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды

Автомобиль жолдары саласы отандық тауар өндірушілерге қиын кезеңде қолдау көрсетіп, қазақстандық компаниялардан құрылыс материалдарын сатып алуда. Сонымен қатар, мердігер компаниялардың банк кепілдемелерін ұсыну мерзімдерін ұзартуға қатысты шаралар қолға алынды. Мұндай шара компаниялардың төтенше жағдай кезіндегі жұмысын едәуір жеңілдете түспек. 

Бүгінгі таңда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары  жүргізіліп жатқан республикалық маңызға ие автомобиль жолдарындағы барлық нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер сақталған. Әл учаскеде медициналық қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылыс нысандарын күзету шаралары күшейтіліп отыр. 

Мәселен, жұмыскерлердің барлығы күніне екі рет медициналық қараудан өтеді. Қызметкерлер міндетті түрде бетперде киіп жүруі тиіс. Медициналық пункттердің барлығы бетперделермен, антисептикалық, заласыздандырғыш құралдармен, термометрлермен қамтылған. Бүгінгі таңда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың медициналық пункттерінде 28 мың бетперде бар. Сонымен қатар, бұл нысандарға кіру мен олардың аумағынан шығу шектеулі. Материалдарды жеткізуші көліктер мен құрылыс техникасының кіріп-шығуына ғана рұқсат етілген.  

Қазіргі таңда реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелерінде 11 мыңнан астам адам қызмет етсе, техниканың 6700-ге тарта бірлігі жұмылдырылған. Айта кету керек, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында автомобиль жолдары саласындағы құрылыс жұмыстарына 2020 жылы 1300 қазақстандық жас азамат тартылатын болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды