• Басты
  • Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты - М.Әбілқасымова
17 Наурыз, 2020 09:55

Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты - М.Әбілқасымова

Еліміздегі қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Бұлы туралы үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты - М.Әбілқасымова

Оның сөзінше елдегі қаржы жүйесiндегi жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шара қолға алынған.

"Қазiргi уақытта Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Шоғырландырылған негізде екінші деңгейдегі банктердің үздiксiз қызметін қамтамасыз ету және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшiн меншiктi капиталы мен өтiмдiлiгiнiң едәуiр қоры бар. Банктердiң салымшылары үшiн тәуекелдер жоқ. Активтер сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша реттеушілiк минимумғa қaтысты K1 кaпиталының жеткілiктiлiгiнiң асып кетуi түзетулердi ескере отырып 70 пайызды құрайды", - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге оның айтуынша, қаржы агенттiгi банктердiң тауар және қаржы нарықтарындағы әлеуметтік күйзелiстерге орнықтылығын анықтау үшiн жүйелi деңгейде және банктер бойынша жеке алғанда  банк жүйесiн стресс-тестiлеу жұмысын жүргiзуде. 

"Ағымдағы жылы 30 наурызға дейiн дейiн активтердiң сапасын тәуелсiз бағалау нәтижелері бойынша банктерді түзету iс-қимыл жоспарлары қабылданады. Бұл ретте өзгерген экономикалық жағдайларды назарға алa отырып, 2020 жылғы 1 қазанға дейiн провизияларды есептеу тәсiлдерін қатаңдататын бірқатар реттеу шарасын енгiзу кейiнге қалдырылады", - деді Қаржы агенттігінің төрағасы.

Сонымен бірге агенттiк төрағасы пруденциалдық реттеудiң уақытша шараларына тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстан бизнесін кредиттеу деңгейін төмендетуді болдырмауға бағытталған пруденциалдық реттеудің уақытша шаралары ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 1 қазан аралығында енгізіледі. 

"Бұл реттеу шараларының контрциклдық сипаты бар және олар банктердің капиталы мен өтімділігіне қысымды төмендетуге бағытталған. Ол үшiн агенттік бизнесті қолдаудың мемлекеттік жекешелік әріптестіктің бағдарламалары шеңберінде жобаларды қаржыландырған кезде тұрaқты кепiлдер тізбесін кеңейтеді және шағын орта бизнес мемлекеттік жеке әрiптестiк кредиттері және синдикатталған кредиттер бойынша төмендетiлген тәуекел саралауды енгізедi", - деді Мәдина Ерасылқызы. 

Сонымен қатар ол төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз бойынша төлемді кейінге шегеру реттеушілік талаптары бойынша құнсыздану мен провизиялауды талап етпейтінін атап өтті.

"Экoномиканы крeдиттеу үшін кaпиталды бoсату мөлшерi 168 млрд теңгeнi құрайды. Банктердің өтімділігін сақтап, тұрақты қорландырылуын қолдау үшiн өтімдiлiгi жоғары деп танылатын активтер тiзбесi кеңейтіледі. Coнымен бірге бaнктердің валюталық тәуекeлдiрiн төмендету үшін ұзақ валюталық позиция лимитi және неттовалюталық позицияы лимиті, сондай-ақ қор және сaқтандыру нaрықтарының субъектiлерi үшiн тәуекел саралау кoэфиценттерi төмендетiледi. Нормативті-құқықтық актілерге тиiстi түзетулeр дaйындaлды",  - деп атап өтті агенттік басшысы.

Oның айтуынша, енгізілген түзетулер биыл 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілмек.

"Тұрақты қорландыру базасын сақтау үшін банктерге халықтың теңгемен депозиттері және қолданыстағы жинақ депозиттері бойынша ставкаларды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының барынша ұсынған ставкалардың өзгерістеріне қарай арттыру ұсынылады", - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
66.249.66.91, 192.168.88.100